Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2014 жылғы 26 ақпандағы № 155
қаулысымен бекiтiлген
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
Toggle Dropdown
лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
лицензияны қайта ресiмдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
лицензияның телнұсқаларын беру – 2 (екi) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
Toggle Dropdown
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.
Toggle Dropdown
3) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.
Toggle Dropdown
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшiн:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Toggle Dropdown
жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:
Toggle Dropdown
еркін нысанды өтiнiш;
Toggle Dropdown
лицензияны қайта ресімдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Toggle Dropdown
лицензияның түпнұсқасы (лицензияны қағаз тасығышта алған жағдайда);
Toggle Dropdown
лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
Toggle Dropdown
Лицензия мынадай: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Toggle Dropdown
3) лицензияның телнұсқасын алу үшiн:
Toggle Dropdown
еркін нысанды өтiнiш;
Toggle Dropdown
лицензияның телнұсқасын беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Toggle Dropdown
Порталға:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшiн:
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;