1. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекiтiлген
Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, түскі асқа үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
2) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес рұқсат алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – көрсетiлетiн қызметтi алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк* немесе анықтама, дара кәсiпкер үшiн – көрсетiлетiн қызметтi алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
3) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органының өнiмдi шығаруға рұқсатының болуы туралы берген құжат;
4) көрсетілетін қызметті берушi мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес өнiмнiң транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға құқықты растайтын құжат;
5) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы (бұдан әрi – СЭҚ ТН) бойынша және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бақылау тiзiм бойынша кодтарын көрсете отырып, өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi (заттай және құндық мәндегi) қоса берiлген өнiмдi жеткiзуге арналған келiсiмшарт;
6) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру полисi;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |