• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өнд i руге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2017 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекiтiлген

«Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өнд i руге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2017 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер 
1. «Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру – 2 (екi) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 22 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.
3) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, түскі асқа үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
2) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;
2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:
еркін нысанды өтiнiш;
лицензияны қайта ресімдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның түпнұсқасы (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алған жағдайда);
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
еркін нысанды өтiнiш;
лицензияның телнұсқасын беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Порталға:
1) лицензия алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялы алымның төленгенін растайтын құжат;