1. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекiтiлген
«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, түскі асқа үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
2) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз («электронды» кезек тәртiбiмен) жүзеге асырылады.
3) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес рұқсат алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат;
дара кәсiпкер үшiн – көрсетілетін қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өнiмдi өңдеуге арналған шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;
салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, «Тауарларды кедендiк аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудiң және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеудiң шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу, сондай-ақ оны керi қайтарып алу (жою) қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi. Егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат алу үшiн құжат туралы мәлiметтер нысаны.
2) ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.

ХҚО қызметкерi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi және ХҚО-ның қызметкерi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
3) Порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;