• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекiтiлген

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер 
1. «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты).
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, түскі асқа үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
2) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз («электронды» кезек тәртiбiмен) жүзеге асырылады.
3) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; көрсетілетін
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен жасалған тиiстi мәмiленi растайтын құжат көшiрмесi;
сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өтiнiм берушi ретiнде делдал шығатын болса импорттаушы мен түпкi пайдаланушы арасындағы шарт (келiсiмшарт) көшiрмесi.
Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісімшартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.
2) ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен жасалған тиiстi мәмiленi растайтын құжат көшiрмесi;
сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өтiнiм берушi ретiнде делдал шығатын болса импорттаушы мен түпкi пайдаланушы арасындағы шарт (келiсiмшарт) көшiрмесi.
ХҚО қызметкерi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. 
Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісімшартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi және ХҚО-ның қызметкерi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
3) Порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
экспорттаушымен жасалған тиiстi мәмiленi растайтын құжат;
егер көрсетілетін қызметті алушы ретiнде делдал шығатын болса, импорттаушы мен түпкi пайдаланушы арасындағы шарт (келiсiмшарт).
Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісімшартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және олардың ішіндегі мәліметтердің растығын және толықтығын қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: