Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2014 жылғы 26 ақпандағы № 155
қаулысымен бекiтiлген
Toggle Dropdown
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
Toggle Dropdown
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап – 15 (он бес) күнтiзбелiк күн;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, түскі асқа үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз («электронды» кезек тәртiбiмен) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
1
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәлiметтер нысандары;
Toggle Dropdown
тауардың фотосуретi (болған жағдайда).
Toggle Dropdown
2) ХҚО-ға:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәлiметтер нысандары;
Toggle Dropdown
тауардың фотосуретi (болған жағдайда).
Toggle Dropdown
ХҚО қызметкерi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi және ХҚО-ның қызметкерi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
Toggle Dropdown
3) Порталға:
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәлiметтер нысандары;
Toggle Dropdown
тауардың фотосуреттерi (болған жағдайда).
Toggle Dropdown
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және олардың ішіндегі мәліметтердің растығын және толықтығын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Toggle Dropdown
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
Toggle Dropdown
2) ХҚО-ға жүгiнген кезде:
Toggle Dropdown
құжатты қабылдау нөмірін және күнін;
Toggle Dropdown
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
Toggle Dropdown
қоса беріліген құжаттардың саны мен атауын;
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақыты) және құжаттарды беру орнын;