Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 22.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік орган өткiзедi.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
Toggle Dropdown
4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурстар функциялары, өкілеттіктері мен штат сандары қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi
Toggle Dropdown
6. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) жалпы конкурс;
Toggle Dropdown
2) ішкі конкурс.
Toggle Dropdown
7. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
Toggle Dropdown
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдардан құжаттар қабылдау;
Toggle Dropdown
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;
Toggle Dropdown
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
Toggle Dropdown
8. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды.
Toggle Dropdown
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарағаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды түрдегі көшірмелерін дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды.
Toggle Dropdown
Конкурсқа қатысушыларды келісу конкурс комиссиясынан конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды көшірмелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен жүргізілетін конкурсқа қатысушылармен сұхбат арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Сұхбат кандидаттың қалауы бойынша қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Конкурсқа қатысушыларды келісудің нәтижесі екі жұмыс күні ішінде электронды түрде конкурс өткізген мемлекеттік органға жолданатын шешім түрінде ресімделеді. Әрбір конкурсқа қатысушыға жекелеген қорытынды жасалады.
Toggle Dropdown
Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
Toggle Dropdown
9. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Toggle Dropdown
10. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік органға осы Қағидалардың 44, 76 немесе 79-тармақтарында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
Toggle Dropdown
13. Конкурс комиссиясы кандидаттармен әңгiмелесуді өткiзедi және олардың арасынан бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады немесе бос лауазымдарға қабылдаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
Toggle Dropdown
14. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органның басшысымен немесе аппарат басшысымен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
15. Конкурс комиссиясының төрағасы конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген конкурс комиссиясының құрамын бекіткен адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
16. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Toggle Dropdown
Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы бірыңғай конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
17. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
Toggle Dropdown
Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы бірыңғай конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
18. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органда және оның ведомствосында құрылатын конкурстық комиссияның құрамына саны конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.
Toggle Dropdown
19. Конкурс комиссиясының немесе бірыңғай комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 14-тармағында, 16-тармағының бірінші бөлігінде, 17-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі.
Toggle Dropdown
Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс, конкурс комиссиясының құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурс комиссиясымен немесе бірыңғай конкурс комиссиясымен өткізіледі.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде конкурс комиссияның немесе бірыңғай конкурс комиссияның құрамына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
Toggle Dropdown
20. Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына аталған комиссия комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
Toggle Dropdown
21. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы.
Toggle Dropdown
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.
Toggle Dropdown
Орталық атқарушы органмен немесе оның ведомствосымен сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс комиссиясының құрамына кандидатура ұсынылмаған жағдайда конкурс комиссиясы осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілісіз құрылады.
Toggle Dropdown
22. Конкурс комиссиясының құрамына конкурс қатысушысы кірмейді.
Toggle Dropdown
23. Конкурс комиссиясының хатшысы мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
24. Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
25. Конкурс комиссиясының құрамын өзгерту уәкілетті адамның шешімі бойынша тиісті актіні шығару жолымен жүзеге асырылады.