• Мое избранное
Коллекторлық қызмет туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Коллекторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VI Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 және 01.01.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек (бұдан әрі - берешек) - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша борышкердің кредитор алдындағы негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу жөніндегі міндеттемелері;
2) борышкер - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға жол берген жеке немесе заңды тұлға;
3) есептік тіркеу - коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізу;
4) коллекторлық агенттік - коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
5) коллекторлық агенттіктер тізілімі - коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі;
6) коллекторлық қызмет - коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі;
7) коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым.
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) сервистік компания – құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2022 № 133-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;
2-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде коллекторлық агенттіктерге «Шаруашылық серіктестіктері туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының күші қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Коллекторлық агенттіктер қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) коллекторлық агенттіктердің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;
3) борышкерлердің және (немесе) олардың өкілдерінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығы;
2) коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және бақылау стандарттарын, әдістерін арттыру;
3) коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі.
2-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
3-бап. Коллекторлық агенттік
1. Коллекторлық агенттік шаруашылық серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Коллекторлық агенттіктің атауында мiндеттi түрде «коллекторлық агенттік» деген сөздер қамтылуға тиiс. Коллекторлық агенттіктің атауын қысқартуға жол берілмейді. Коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілмеген заңды тұлға коллекторлық қызметті жүзеге асыруға, өзін коллекторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттауға, сондай-ақ өз атауында «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді пайдалануға құқылы емес.
2-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2022 № 179-VII Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 03.03.2023 жылдан бастап)
Коллекторлық агенттіктің атауында «ұлттық» немесе «республикалық» немесе «орталық» деген сөздер кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде болмауға тиіс.
2-1. Коллекторлық агенттік «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес басқа коллекторлық агенттікке үлестес болып табылмауға тиіс.
3-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 179-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 03.03.2023 жылдан бастап)
3. Бірде-бір тұлға, егер ол:
1) уәкілетті органға өзі туралы және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін жеке тұлғалар, сол сияқты көрсетілген тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашпаса;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;
3) құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы жұмыскері бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде осы коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса;
3-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2022 № 179-VII Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 03.03.2023 жылдан бастап)
3-тармақша өзгертілді ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңымен (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелсе, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды.
3-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 179-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 03.03.2023 жылдан бастап)
4. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде толық төлеуге міндетті.
3-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 24.05.2021 жылғы № 43- VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен ғана қалыптастырылады.
Ескертпелер.
1. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларын жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету деп басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның шешімдерін, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаның немесе бірлесіп осындай тұлғалар болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі түсініледі.
2. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаны бақылау (бақылау) деп заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі түсініледі.