Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы № 132
бұйрығына 1-қосымша
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
портал арқылы жүгінген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беруге және (немесе) оған қосымша беруге құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін өтініш;