Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы № 132
бұйрығына 2-қосымша
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
портал арқылы жүгінген сәттен бастап – 13 (он үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) жер қойнауын пайдаланушы немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда;
2) келісуші уәкілетті органдардың біреуінің теріс жауабы болса;