• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2017 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына 4-қосымша

4-қосымша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 жылғы № 83 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи
газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы  (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаты не уәжде бас тарту.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін өтінімді қағаз нысанда ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделіп, нәтижесі қағаз нысанға шығарылып, мемлекеттік қызметті беруші уәкілетті адамның қолы қойылады және мөрмен расталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс  және мереке күндерінен  басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына  сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
2) порталда: