1. «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (23.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 3-қосымша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес
="red">Редакция 07.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
портал арқылы жүгінген кезден бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) жер қойнауын пайдаланушы немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда;
2) келісуші уәкілетті органдардың біреуінің теріс жауабы болса;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |