• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына 7-қосымша

7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (23.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.03.2019 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 жылғы № 377 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін (бұдан әрі – куәлік) берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде – 5 (бес) жұмыс күні;
егер газ желісі ұйымының екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу – 15 (он бес) жұмыс күні;
3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы Газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне мәліметтерді енгізу кезінде, жалға алу (бұдан әрі – жалға алу) мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде газ толтыру станциясының пайдалануы расталған кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендерді тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.»;
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – куәлік, қайта ресімделген куәлік, мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.03.2019 жылдан бастап)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.03.2019 жылдан бастап)
1) куәлікті алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған куәлікті алуға өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;
куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
егер газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес иелену тоқтатылғын газ толтыру станциясының мекенжайын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;