Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15093 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11273 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақта:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1)салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорға (бұдан әрі – СТ МДҚ) енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2)салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгертулер енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – көрсетілетінқызметті берушіге –
20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.»;
«9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
СТ МДҚ-на резидент емес туралы мәліметтерді енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) осы мемлекеттік қызметтер стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі;
СТ МДҚ-да тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік қызметтер стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) СТ МДҚ-да заңды тұлғаның басшысы туралы көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаның бір қатысушының (акционердің) шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) СТ МДҚ-да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
СТ МДҚ-нан салық төлеушілерді алып тастау үшін:
1) осы мемлекеттік қызметтер стандартына 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;
2) Қазақстан Республикасының резидентізаңды тұлғаның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің таратылуына, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалын, өкілдігін ашпай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату салықтық есептілігі;
3) құжаттық тексеру аяқталғаннан және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін – Қазақстан Республикасының резидентізаңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату балансы;
4) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін бөліну жолымен Қазақстан Республикасының резидентізаңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты бөліну балансы;
5) Қазақстан Республикасының резидентізаңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты бақылау-кассалықмашинаны есептен шығару туралы салықтық өтініші;
7) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кездегі тапсыру актісі.
Егер Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын жәнеәлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаған жағдайда, тарату салықтық есептілігі табыс етілмейді.
Қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінжеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.
Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет беруші, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын табыс етуді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады.
Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішін – бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін.
Көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының, оның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасының резидент емесзаңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтердің өзгеруі тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтініште заңды тұлға қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналыстарының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаның (акционердің) бір қатысушысының заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімдерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтініште заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше, резидент емес-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше басшысының салық өтініші келу тәртібінде беріледі. Салықтық өтінішті берген кезде «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішке 3-қосымшаға сәйкес сауалнама толтырылады.