«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15089 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2018 жылғы 11 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.03.2018 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 142 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13637 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірмей өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерін бағалау жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
«Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орташа бағасынан;
2) Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
6. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға Бағалау жөніндегі комиссияны құрады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2-тарау. Жеке жұмыс жоспарын жасау.
10. Жеке жұмыс жоспары «Б» корпусының қызметшісі өзінің тікелей басшысымен бірлесіп бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
11. «Б» корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарындағы нысаналы көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
3-тарау. Бағалау жүргізуге дайындық
14. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау жүргізілетіні туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындауды тоқсандық бағалау
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлерін құрылымдық бөлімшелер салалық ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгілейді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шәкілге сәйкес «+1»-ден «+5» балға дейін иеленеді.
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Құжат айналымы қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы ақпарат көзі ретінде саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Персоналды басқару қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көзі ретінде саналады.
22. Әр орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуына бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы персоналды басқару қызметі, құжат айналымы қызметі берген мәліметтерді есепке ала отырып, бағалау парағында берілген мәліметтердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусының қызметшісі қол қояды.
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.
26. «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын тікелей басшы мынадай формула бойынша есептейді:
∑m = 100 + a - в,
∑m – тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
80 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – «қанағаттанарлық»,
106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – «тиімді»,
130 балдан астам – «өте жақсы».
5-тарау. Жылдық бағалау
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:
жеке жұмыс жоспарында көзделген нысаналы көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;
нысаналы көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
нысаналы көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
нысаналы көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
32. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
∑жыл = 0,4 * ∑ m + 0,6 * ∑ жж,
∑жыл – жылдық баға;
∑ m – есептік тоқсандардың орташа бағасы (орташа арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орташа арифметикалық мәні осы Әдістеменің 28-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,
«тиімді» мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
«өте жақсы» мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;
∑ жж – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – «қанағаттанарлық»; 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – «тиімді»; 5 балл – «өте жақсы».
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
38. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «Б» корпусы қызметшісінен шағым келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға береді.
41. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
45. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
46. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
47. «Б» корпусының қызметшілерін бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
__________________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________
№ р/с |
Нысаналы көрсеткіштер* |
Күтілетін нәтижелер |
1 |
1-нысаналы көрсеткіш |
|
2 |
2-нысаналы көрсеткіш |
|
3 |
3-нысаналы көрсеткіш |
|
4 |
… |
|
Ескертпе:
*- Нысаналы көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Нысаналы көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Қызметші ___________________ (тегі, аты-жөні) күні ________________________ қолы ______________________ |
Тікелей басшы ___________________ (тегі, аты-жөні) күні __________________________ қолы _________________________ |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/п |
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы |
Тікелей басшының бағалауы |
Ескерту |
|||||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер |
Орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы мәліметтер |
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер |
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер |
Орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы мәліметтер |
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер |
|
||||
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|||
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|||
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: |
Бағалау нәтижесі: |
|
|||||||
Қызметші _____________________________ (тегі, аты-жөні) күні ________________________ қолы________________________ |
Тікелей басшы _________________________________ (тегі, аты-жөні) күні ______________________________ қолы _____________________________ |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_____________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с |
Нысаналы көрсеткіштің нәтижесі |
Маңызы |
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері |
Басшының бағалау нәтижелері |
Ескерту |
|
1 |
1-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін |
|
|
|
|
2 |
2-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін |
|
|
|
|
3 |
3-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін |
|
|
|
|
4 |
… |
|
|
|
|
|
Қызметші _____________________________ (тегі, аты-жөні) күні _________________________ қолы ________________________ |
Тікелей басшы _________________________________ (тегі, аты-жөні) күні _____________________________ қолы ____________________________ |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
___________________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері:
№ р/с |
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Комиссияның бағалау нәтижелеріне түзетуі |
Комиссияның ұсыныстары |
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
... |
|
|
|
Комиссия қорытындысы:
___________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _________________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссия төрағасы: _________________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшесі: ___________________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |