• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 06 наурыздағы № 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8421 тіркелді

Осы редакция 22.02.2017 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына , «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 28 қарашадағы № 01-7.9 кеңесінде берілген ведомстволық есептілікті оңтайландыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар бекітілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп (1-нысан);
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан);
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдар бойынша вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп (5-нысан);
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан);
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне- конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан);
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан);
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы есеп (3-нысан);
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан);
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес медицина және фармацевтика кадрларының қозғалысы туралы есеп (58-нысан);
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (61-нысан);
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлықтың бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (64-нысан);
осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп (2-нысан);
осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мен аурулар туралы есеп (7-нысан);
осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп (8-нысан);
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен тері аурулары туралы есеп (9-нысан);
осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (10-нысан);
осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар туралы есеп (11-нысан);
осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымның қызмет көрсететін ауданында тұратын науқастардың және диспансерлік бақылауда тұрған тіркелген науқастар контингентінің ауруларының саны туралы есеп (12-нысан);
осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес стационардан шыққан науқастар контингенттері туралы есеп (14-нысан);
осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес медицина және фармацевтика кадрлары туралы есеп (17-нысан);
осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысы туралы есеп (18-нысан);
осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес санитариялық авиация мен шұғыл және жоспарлы-консультациялық медициналық көмек бөлімшесінің есебі (22-нысан);
осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес стационарды алмастыратын көмек алған науқас контингенттер туралы есеп (24-нысан);
осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының есебі (30-нысан);
осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес балаларға медициналық көмек көрсету туралы есеп (31-нысан);
осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету туралы есеп (32-нысан);
осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес сот-психиатриялық комиссияның жұмысы туралы есеп (38-нысан);
осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес қан қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымның есебі (39-нысан);
осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес жедел медициналық жәрдем ұйымының есебі (40-нысан);
осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес балалар үйінің есебі (41-нысан);
осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есебі (42-нысан);
осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес фельдшерлік-акушериялық, фельдшерлік, медициналық пункттердің және жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерінің есебі (43-нысан);
осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес ересектерге арналған туберкулез санаторийінің есебі (45-нысан);
осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, дезинфекция станциясының, денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының және оның аумақтық филиалдарының (медициналық статистика бюросы) штат лауазымдары туралы есеп (46-нысан);
осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі және қызметі туралы есеп (47-нысан);
осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес балалар мүгедектігі туралы есеп (52-нысан);
осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес жарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің әсерінің кейбір басқа салдары туралы есеп (59-нысан).
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің директорлары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының бастықтары осы бұйрықпен бекітілген нысандар бойынша барлық денсаулық сақтау ұйымдарында есептерді жасауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықпен бекітілген нысандар бойынша республиканың денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауды, жүргізуді, өңдеуді, жалпы жинақтауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызмет департаменті (Ж.Ж. Данаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
5. «Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығының(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазандағы № 7248 тіркелген; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жариялаған, 2012 жылғы, № 6, 64-құжат) және «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 15 қазанда № 8018 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 663 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының