• Мое избранное
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 наурыздағы № 14881 болып тіркелді

Редакция 17.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (24.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 28.10.2023 жылғы № 1100 Бұйрығына сәйкес (03.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ________________________ Д. Абаев
2017 жылғы 17 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-сынып мемлекеттік әділет кеңесшісі
 _____________________ Ж. Асанов
2017 жылғы 21 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 _____________________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 27 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
 ___________________ Е. Біртанов
2017 жылғы 3 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
 ___________________ Т. Дүйсенова
2017 жылғы 20 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковник
 ___________________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 10 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 ___________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 17 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-лейтенант
 __________________ А. Күреңбеков
2017 жылғы 8 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
генерал-майор
 _________________ Қ. Қожамжаров
2017 жылғы 14 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істері министрі
 ________________ Қ. Әбдірахманов
2017 жылғы 6 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
 _____________________ К. Мәсімов
2017 жылғы 1 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 __________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 15 ақпан
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы «24» қаңтардағы
№ 28 бұйрығымен
бекітілген
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (24.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 20.08.2021 жылғы № 555 Бұйрығымен (21.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 29.06.2022 жылғы № 464 Бұйрығымен (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 жылғы № 869 Бұйрығымен (29.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 28.10.2023 жылғы № 1100 Бұйрығына сәйкес (03.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Әскери есепке алуға:
1) әскери-есептік мамандығы (бұдан әрі – ӘЕМ) жоқ әйелдерден;
2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардан;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдардан;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан;
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа Қазақстан Республикасының азаматтары жатады.
3. Осы Қағидаларда:
1) әскери есепке алу құжаттарының нысандары және оларды жүргізу тәртібі;
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу тәртібі;
3) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу;
4) заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізуі;
5) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу ерекшеліктері;
6) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі;
7) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойыншалауазымды адамдардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі көзделеді.
4. Әскери есепке алудың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі – азаматтар) әскери қызметке шақыруды және Қазақстан Республикасында жұмылдыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдасқан түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер ресурсының сандық және сапалық құрамын айқындау;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауды және жұмылдыра өрістетуді қамтамасыз ету үшін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар қатарынан әскери мамандарды даярлау және жинақтау болып табылады.
5. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес айқындалады.
Жасы бойынша әскери міндеттілер мынадай есепке алу разрядына бөлінеді:
1) бірінші разрядта мыналар тұрады:
запастағы офицерлер – 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда;