«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 108, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 194, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 157, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 56, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы № 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 217, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 353-І, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 3 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2174 болып тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде №16, 843-құжат жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы № 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 351-1, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 3 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 485, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 265-І, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 681, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі № 170, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі № 433 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2174 болып тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде №37-40, 101-құжат жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы № 47, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 353-І, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 ж. 7 қаңтардағы № 3 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 16 қарашадағы № 397, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 258, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 700, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 қарашадағы № 685, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 197 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5032 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде №197 (1226) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңмен бекітілген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі қағаз және электронды көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуден күнтізбелік он күн өткеннен кейін көшірмесін басылымды баспаларға ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А . Мырзахметов
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________ Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы ________________ К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ________________ Е. Біртанов
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________ __ Б. Сұлтанов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |