Toggle Dropdown
Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабы 2-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың
құжат айналымының қағидалары
1. Осы Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабы 2-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
1) электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың нысанын (бұдан әрі - электрондық шот-фактура (ЭШФ);
2) ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібін;
3) ЭШФ куәландыру тәртібін;
4) түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын растау ерекшелігін;
5) ЭШФ сақтау тәртібін айқындайды.
3. Салық кодексінің 256 , 263, 264 және 265-баптарында белгіленген талаптарға және осы Қағидаларда сәйкес жазып берілген және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген ЭШФ қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз жеткізгіште сияқты, электрондық нысанда да жазып берілген жағдайда, онда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баждың төмендетілген ставкасы - кедендік әкелу баждардың Дүниежүзілік сауда ұйымдарында Қазақстан Республикасының міндеттемелерінде көзделген ставканың барынша жоғары деңгейінде белгіленетін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі - ЕАЭО БКТ) қолданыстағы кедендік әкелу баж ставкасымен салыстырғанда өте төмен ставкасы;
2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиалы, өкілдігі;
3) өкіл (оператор) – Қазақстан Республикасының шот-фактуралар жөніндегі салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын, өнімді бөлу туралы тапсырма шарттың немесе келісімнің (келісімшарттың) негізінде әрекет ететін заңды тұлға;
4) тізбе - Қазақстан Республикасының аумағына баждардың төмендетілген ставкалары, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері қолданылатын Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттер болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың тізбесі;
5) Тізбеге енгізілген тауар – тауар, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) және Тізбеге енгізілген атауы;
6) тіркеу куәлігі - «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкес келуін растау үшін куәландырушы орталық берген қағаз жеткізгіштегі құжаты немесе электрондық құжаты;
7) уәкілетті жеке тұлға - заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінде құжат айналымы процесінде осындай заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) атынан ЭШФ қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;
8) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты - мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасынан берілетін және салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;
9) электрондық құжат - электрондық-цифрлық нысанда ақпарат табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
11) электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) - ол арқылы ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
12) ЭШФ - ЭШФ АЖ арқылы және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес жазып берілген құжат;
13) ЭШФ АЖ қатысушы - ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген тұлға;
14) ЭШФ АЖ қатысушыны есепке алу жүйесі - салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есепке алу құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салық есебінің жүйесі;
15) ЭШФ АЖ операторы - ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын уәкілетті орган;
16) ЭШФ АЖ-де ЭШФ-ны тіркеу – шот-фактуралардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі, тіркеу куәлігінің шынайылығы және бірегей тіркеу нөмірін беру мәніне тексеруді қамтитын ЭШФ АЖ-де шот-фактураны өңдеу процесі;
17) ЭШФ өңдеу - ЭШФ Салық кодексінің 256 және 263-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, мұндай талаптарға сәйкес келмейтін ЭШФ кейіннен қайтарып алу;
18) ЭШФ тіркеу нөмірі – ЭШФ-ның, оны тіркеген кезде берілетін және жеткізушінің сәйкестендіру нөмірінің, ЭШФ тіркелу күнінің және бірегей дәйексіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ қалыптастырылатын бірегей нөмірі.
5. Салық төлеуші, егер ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының Кедендік аумағына тауарларды әкелудің және айналымның кейбір мәселелері туралы 2015 жылғы 16 қазандағы хаттаманың іске асырылуына қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделсе, ЭШФ жазып беруді Салық кодексінің 256 , 263 , 264 және 265-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
6. Құжат айналымының шеңберінде ЭШФ жазып беру (жөнелту) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер ғана ЭШФ АЖ-де жүзеге асырады.
7. ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ-ге қатысушыға мынадай мәртебе беріледі:
3) заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).
Заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеуді тек заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы ғана жүргізеді, ол заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы қабылдаған шешімнің негізінде тағайындалады.
Егер жеке тұлға заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы болып табылған жағдайда, аталған ақпарат мемлекеттік кірістер органдарының тіркеу базасының мәліметтерімен расталады.
8. «Жеке тұлға» мәртебесімен тіркелген ЭШФ АЖ қатысушы мұндай жеке тұлға заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше) - ЭШФ АЖ қатысушының қызметкері болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ жазып бермейді.