Bestprofi Logo

Бұйрық № 124 от 2017-03-15г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 мамырда № 15138 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 

1. «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ____________ Д. Абаев 2017 жылғы 3 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 23 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ____________ С. Жұманғарин 2017 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 124 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өсімдіктерді қорғау құралдарын өңдірушіден гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе отандық өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияларды тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбі-сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті www.e.gov.kz электрондық порталы арқылы брондауға болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға арналған өтінімнің;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау үшін толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға арналған өтінімнің;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушіден биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларды өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушінің пайдасына төлеу туралы өтінімнің;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке басын сәйкестендіру үшін) бір данасын береді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер не жеке кәсіпкер ретіндегі қызметті бастағаны туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

5) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алғаш рет берген немесе банк деректемелерін, жеке деректерін немесе заңды тұлғаның деректерін өзгерткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 189-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады (құжаттарды өкілге беру нотариалды расталған сенімхат немесе заңды тұлғаның сенімхаты бойынша жүзеге асырылады).

Мемлекеттік корпорация нәтижелердің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жұмыс күндері, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны (жеке тұлға үшін);

2) атауы, почталық мекенжайы, байланыс телефоны (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Шағым тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

13. Ағза тыныс-тіршілігін шектейтін оның функцияларының тұрақты бұзылулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды, қажет болған жағдайда 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне бара отырып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында;

Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурстарында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Құрметті ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)

Сізге ______________________________________________________________ (субсидияланатын бағыт)

бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы хабарлаймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда _______________________________________

___________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші) жүгінуді өтінеміз.

Орындаушы: __________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы) куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _____________________________________________

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Құрметті __________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)

Сізге _____________________________________________________________ (субсидияланатын бағыт)

бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны туралы хабарлаймыз.

Бас тарту себебі:___________________________________________________

Сұрақтар туындаған жағдайда ________________________________________

____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші) жүгінуді өтінеміз.

Орындаушы: ___________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы) куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _________________________________

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, _________________

___________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)

____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға өтінім

Маған ____________________________________ литр (килограмм) көлемінде, (гербицидтердің түрі)

__________________________________________ литр (килограмм) көлемінде, (гербицидтердің түрі)

__________________________________________ литр (килограмм) көлемінде, (гербицидтердің түрі)

өсімдіктерді қорғау үшін ағымдағы жылы қолданған, гербицидтерді жеткізушіден толық құны бойынша сатып алған гербицидтер үшін субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

тіркеу нөмірі


 

тіркеу күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркеу күні


 

кім берді


 

2.

Жеке тұлға (жеке кәсіпкер) үшін – жеке басты куәландыратын құжат

жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі


 

кім берді


 

берілген күні


 

жеке сәйкестендіру нөмірі


 

3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

тіркеу нөмірі


 

тіркеу күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркеу күні


 

кім берді


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі


 

4.

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

актінің нөмірі


 

кадастрлық нөмір


 

барлық алаң, гектар


 

оның ішінде егістік


 

нысаналы мақсаты


 

сәйкестендіру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


 

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


 

5.

Ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

бенефициар коды


 

банктің немесе почта операторының деректемелері:

банктің немесе почта операторының атауы:


 

бизнес сәйкестендіру коды


 

жеке сәйкестендіру коды


 

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

бенефициар коды


 

6.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен гербицидтерді жеткізуші арасындағы сатып алу-сату шарты***

шарт нөмірі


 

шарт жасалған күні


 

гербицидтерді жеткізушінің атауы


 

гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

гербицидтің атауы


 

гербицидтің көлемі, литр (килограмм)


 

төлеу мерзімі


 

7.

Гербицидтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтке) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)***

шот-фактура нөмірі


 

берілген күні


 

гербицидтерді жеткізушінің атауы


 

гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

гербицидтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру коды


 

тауарлық-көліктік жүкқұжатының нөмірі


 

гербицидтің атауы


 

өлшем бірлігі


 

мөлшері (көлемі)


 

1 литрге (килограммға) қосымша құн салығымен бағасы (теңге)


 

барлық өткізу бағасы


 

8.

Жүк - кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден гербицидтерді шетелдік гербицидтер өндірушілерінен тікелей сатып алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)***

Нөмірі


 

берілген күні


 

гербицидтерді жеткізушінің атауы


 

гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

9.

Салық органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын құжат***

нөмірі


 

берілген күні


 

гербицидтерді жеткізушінің атауы


 

гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

10.

Сәйкестік сертификаты (сатып алынған, Қазақстан Республикасында өндірілген гербицидтерге)***

сертификаттың қолданылу мерзімі


 

сертификаттың нөмірі


 

сәйкестендірілген өнім (атауы, шыққан елі)


 

өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


 

кім берді


 

11.

Шығу тегі сертификаты / талдау сертификаты (гербицидтерді өндірушіге / шетелдік гербицидтерге)***

экспорттаушы / жүк жөнелтуші


 

импорттаушы / жүк алушы


 

тауардың атауы


 

сертификаттың қолданылу мерзімі


 

сертификаттың нөмірі


 

берілген күні мен орны


 

12.

Гербицидтерді жеткізушілердің мемлекеттік лицензиясы (пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) және (немесе) өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға)***

лицензияның нөмірі


 

толық атауы

орналасқан жері


 

лицензияның түрі


 

кіші қызмет түрінің (әрекет) атауы


 

кім берді


 

берілген күні


 

13.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мәліметтері****

себу ауданының атауы


 

дақыл


 

дақылды себу алаңы


 

сүрі жер алаңы


 

*өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және көшірмесін талап етуге жол берілмейді;

**жоғарыда баяндалған кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады;

***көрсетілген құжаттардағы мәліметтер гербицидтің әрбір түріне толтырылады;

****жоғарыда баяндалған кестенің 13-жолында көрсетілген мәліметтер гербицидтерді сүрі танапта қолданылған кезде толтырылмайды.

Гербицидтерге тиесілі субсидияларды есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының немесе сүрі жердің атауы

Алаңы, (гектар)

Гербицидтің саудадағы атауы

Гербицидті өндіруші (отандық / шет елдік)

Гербицидті 1 гектарға қолдану нормасы (литр / гектар, килограмм / гектар)

Гербицидті қолдану алаңы, (гектар)

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 

ЖИЫНЫ:


 


 


 


 


 

Гербицидтің мөлшері (литр, килограмм)

1 литр, килограмм гербицидті сатып алу бағасы (теңге)

Гербицидтердің құны (теңге)

1 литрге/ килограмға арналған субсидиялау нормасы(теңге)

Тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)

8

9

10

11

12


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Басшы __________ ________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда))

Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)___________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда))

Өтінім 20__жылғы «__»_______ сағат__ минутта қарастыруға қабылданды

_____________________________________________________________________ __________ (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болған жағдайда),

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша

____________________________________________________________________, (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, ____________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы) ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Өсімдіктерді қорғау үшін толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидияларды алуға өтінім

Маған __________________________ (дана, грамм, килограмм, литр) көлемінде, (биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері)

________________________________ (дана, грамм, килограмм, литр) көлемінде, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері)

________________________________ (дана, грамм, килограмм, литр) көлемінде (биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері)

өсімдіктерді қорғау үшін ағымдағы жылы пайдаланған, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіден толық құны бойынша сатып алған биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар үшін субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

тіркеу нөмірі


 

тіркеу күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркеу күні


 

кім берді


 

актінің нөмірі


 

2.

Жеке тұлға (жеке кәсіпкер) үшін – жеке басты куәландыратын құжат

жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі


 

кім берді


 

берілген күні


 

жеке сәйкестендіру нөмірі


 

3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

тіркеу нөмірі


 

тіркеу күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркеу күні


 

кім берді


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі


 

4.

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

актінің нөмірі


 

кадастрлық нөмірі


 

барлық алаң, гектар


 

оның ішінде егістік


 

нысаналы мақсаты


 

сәйкестендіру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


 

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


 

5.

Биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің ағымдағы шотының бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының анықтамасы

сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі


 

бенефициар коды


 

банктің немесе почта операторының деректемелері: банктің немесе почта операторының атауы:


 

бизнес сәйкестендіру коды


 

жеке сәйкестендіру коды


 

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

бенефициар коды


 

6.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші арасындағы сатып алу-сату шарты***

шарт нөмірі


 

шарт жасалған күні


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың атауы


 

биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемі, грамм (дана)


 

төлеу мерзімі


 

7.

Биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтке) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)***

шот-фактура нөмірі


 

берілген күні


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткі-зушінің жеке сәйкестендіру коды


 

тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі


 

биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың атауы


 

өлшем бірлігі


 

мөлшері (көлемі)


 

1 литрге (килограммға) қосымша құн салығымен бағасы (теңге)


 

барлық өткізу бағасы


 

8.

Жүк - кедендік декларация (биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)***

нөмірі


 

берілген күні


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

9.

Салық органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын құжат***

нөмірі


 

берілген күні


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


 

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

10.

Сәйкестік сертификаты (Қазақстан Республикасында өндірілген, сатып алынған биопрепараттарға)***

сертификаттың қолданылу мерзімі


 

сертификаттың нөмірі


 

сәйкестендірілген өнім (атауы, шыққан елі)


 

өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


 

кім берді


 

11.

Шығу тегі сертификаты / талдау сертификаты (биопрепараттарды өндірушінің шетелдік биопрепараттарға)***

экспорттаушы / жүк жөнелтуші


 

импорттаушы / жүк алушы


 

тауардың атауы


 

сертификаттың қолданылу мерзімі


 

сертификаттың нөмірі


 

берілген күні мен орны


 

12.

Биопрепараттарды жеткізушілердің мемлекеттік лицензиясы (пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) және (немесе) өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға)***

лицензияның нөмірі


 

толық атауы


 

орналасқан жері


 

лицензияның түрі


 

кіші қызмет түрінің (әрекет) атауы


 

кім берді


 

13.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мәліметтері****

себу ауданының атауы


 

дақыл


 

дақылды себу алаңы


 

сүрі жер алаңы


 

*өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және көшірмесін талап етуге жол берілмейді;

**жоғарыда баяндалған кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады;

***көрсетілген құжаттардағы мәліметтер биоагенттің (энтомофагтың) және биопрепараттың әрбір түріне толтырылады;

****жоғарыда баяндалған кестенің 13-жолында көрсетілген мәліметтер биопрепаратты сүрі танапқа енгізген кезде толтырылмайды.

Биоагенттерге (энтомофагтарға) тиесілі субсидияларды есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы, (гектар)

Биоагенттердің (энтомофагтардың) түрлері

Биоагентті (энтомофагты) 1 гектарға қолдану нормасы (грамм / гектар, дана / гектар)

Биоагентті (энтомофагты)қолдану алаңы, (гектар)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

ЖИЫНЫ:


 


 


 


 

Биоагенттің (энтомофагтың) мөлшері (дана, грамм)

1 литр, килограмм биоагентті (энтомофагты)сатып алу бағасы(теңге)

Биоагенттің (энтомофагтың) құны (теңге)

1 граммға/данаға арналған субсидиялау нормасы (теңге)

Тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Биопрепараттарға тиесілі субсидияларды есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы, (гектар)

Биопрепараттың сауда атауы

Биопрепаратты 1 гектарға қолдану нормасы (литрге / гектар, килограмға/ гектар)

Биопрепаратты қолдану алаңы, (гектар)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

ЖИЫНЫ:


 


 


 


 

Биопрепараттың мөлшері (литр, килограмм)

1 литр, килограмм биопрепаратты сатып алу бағасы (теңге)

Биопрепараттың құны (теңге)

1 литрге / килограмға арналған субсидиялау нормасы (теңге)

Тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Басшы _________ _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

Бас бухгалтер (бар болған жағдайда) __________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

Өтінім 20__жылғы «__»_______ сағат__ минутта қарастыруға қабылданды

__________________________________________________________________ _____________ (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болған жағдайда),

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша

____________________________________________________________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, ____________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы) ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

____________________________________________________________________ аты (бар болған жағдайда))

Гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларды өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушінің пайдасына төлеу туралы өтінім

Осымен ____________________ (дана, грамм, килограмм, литр) көлемінде, (гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері)

________________________________ (дана, грамм, килограмм, литр) көлемінде, (гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері)

________________________________ (дана, грамм, килограмм, литр) көлемінде, (гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері)

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушіден (бұдан әрі – ӨҚҚ өндіруші) арзандатылған құны бойынша сатып алғанымды және оларды өсімдіктерді қорғау үшін ағымдағы жылы қолданғанымды мәлімдеймін және маған тиесілі субсидияларды

(отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушінің атауы)

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

тіркеу нөмірі


 

тіркеу күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркеу күні


 

кім берді


 

актінің нөмірі


 

2.

Жеке тұлға (жеке кәсіпкер) үшін – жеке басты куәландыратын құжат

жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі


 

кім берді


 

берілген күні


 

жеке сәйкестендіру нөмірі


 

3.

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

актінің нөмірі


 

кадастрлық нөмірі


 

барлық алаң, гектар


 

оның ішінде егістік


 

нысаналы мақсаты


 

сәйкестендіру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


 

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


 

4.

Өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушінің ағымдағы шотының бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

бенефициар коды


 

банктің немесе почта операторының деректемелері: банктің немесе почта операторының атауы:


 

бизнес сәйкестендіру коды


 

жеке сәйкестендіру коды


 

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

бенефициар коды


 

5.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші арасындағы сатып алу-сату шарты**

шарт нөмірі


 

шарт жасалған күні


 

ӨҚҚ өндірушінің атауы


 

ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың атауы


 

гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемі, литр, килограмм, грамм дана


 

төлеу мерзімі


 

6.

Гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтке) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)**

шот-фактура нөмірі


 

берілген күні


 

ӨҚҚ өндірушінің атауы


 

ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы


 

ӨҚҚ өндірушінің жеке сәйкестендіру коды


 

тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі


 

гербицидердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың атауы


 

өлшем бірлігі


 

мөлшері (көлемі)


 

1 литрге (килограммға) қосымша құн салығымен бағасы (теңге)


 

барлық өткізу бағасы


 

7.

Сәйкестік сертификаты (Қазақстан Республикасында өндірілген, сатып алынған гербицидтерге биопрепараттарға) **

сертификаттың қолданылу мерзімі


 

сертификаттың нөмірі


 

сәйкестендірілген өнім (атауы, шыққан елі)


 

өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


 

кім берді


 

8.

Гербицидтерді, биопрепараттарды өндірушілерге арналған гербицидтерді, биопрепараттарды өндірушілердің мемлекеттік лицензиясы (пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) және (немесе) өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға) **

лицензияның нөмірі


 

толық атауы


 

орналасқан жері


 

лицензияның түрі


 

кіші қызмет түрінің (әрекет) атауы


 

кім берді


 

9.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мәліметтері***

себу ауданының атауы


 

дақыл


 

дақылды себу алаңы


 

сүрі жер алаңы


 

10.

Заңды тұлға (өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші) үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

тіркеу нөмірі


 

тіркеу күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркеу күні


 

кім берді


 

11.

Жеке тұлға (өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші) үшін – жеке басты куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


 

кім берді


 

берілген күні


 

жеке сәйкестендіру нөмірі


 

орналасқан жері


 

тіркеу күні


 

кім берді


 

* өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және көшірмесін талап етуге жол берілмейді;

** көрсетілген құжаттардағы мәліметтер биоагенттің (энтомофагтың) және биопрепараттың әрбір түріне толтырылады;

*** жоғарыда баяндалған кестенің 9-жолында көрсетілген мәліметтер гербицидтерді, биопрепараттарды сүрі танапта қолданған кезде толтырылмайды.

Гербицидтерге тиесілі субсидияларды есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының немесе сүрі жердің атауы

Алаңы (гектар)

Гербицидтің саудадағы атауы

Гербицид өндірісі

Гербицидті 1 гектарға қолдану нормасы (литр / гектар, килограмм / гектар)

Гербицидті қолдану алаңы (гектар)

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 

ЖИЫНЫ:


 


 


 


 


 

Гербицидтің мөлшері (литр, килограмм)

1 литр, килограмм гербицидті сатып алу бағасы (теңге)

Гербицидтің құны (теңге)

1 литрге/ килограмға арналған субсидиялау нормасы (теңге)

Тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)

8

9

10

11

12


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Биоагенттерге (энтомофагтарға) тиесілі субсидияларды есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының

атауы

Алаңы, (гектар)

Биоагенттің (энтомофагтың) түрі

Биоагентті (энтомофагты) 1 гектарға қолдану нормасы (грамм / гектар, дана / гектар)

Биоагентті (энтомофагты) қолдану алаңы, (гектар)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

ЖИЫНЫ:


 


 


 


 

Биоагенттің (энтомофагтың) мөлшері(дана, грамм)

1 литр, килограмм биоагентті (энтомофагты) сатып алу бағасы (теңге)

Биоагенттің (энтомофагтың) құны (теңге)

1 грамм /данаға арналған субсидиялау нормасы(теңге)

Тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 

Биопрепараттарға тиесілі субсидияларды есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы, (гектар)

Биопрепараттың сауда атауы

Биопрепаратты 1 гектарға қолдану нормасы (литр / гектар, килограмм / гектар)

Биопрепаратты қолдану алаңы, (гектар)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

ЖИЫНЫ:


 


 


 


 

Биопрепараттың мөлшері (литр, килограмм)

1 литр, килограмм биопрепаратты сатып алу бағасы (теңге)

Биопрепараттың құны (теңге)

1 литр /килограмм арналған субсидиялау нормасы (теңге)

Тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Басшы _________ ________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)___________ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

Өтінім 20__жылғы «__»_______ сағат____ минутта қарастыруға қабылданды

_____________________________________________________________________ __________ (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болған жағдайда),

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Жаңартылған 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ бөлімі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүгінген жағдайда) (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

ұсынылмауына байланысты «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат, әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері ____ _____________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда))

Алдым ______ _____________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда))

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание