• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2018 г

Отправить по почте

«Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 338 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 775 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларында, оны қолдану ерекшеліктерінде, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарында, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерде, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізілетін және Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі осы қағидалардың осы тармағында және 34-тармағында – «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі) ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарлар «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі өтетін Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) мемлекеттік кірістер органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың нысаналы мақсаты туралы, ұйымдастырылуы және өткізілуі үшін осы тауарлар пайдаланылатын іс-шараларды, тауарлардың атауы, саны мен құны, осындай тауарларды алып жүретін тұлға туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделген тауарларға қатысты Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес тауарлар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ұсына отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалануға болады.
Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында кері экспорт, мемлекеттің пайдасына бас тарту және жою кедендік рәсімдерімен мәлімделетін тауарларға қатысты, егер бұдан бұрын осындай тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде тізбені қолдана отырып декларацияланған болса, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды пайдалануға болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу аяқталған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады және оларды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттары үшін ғана пайдалануға болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сатуды не өзге де тәсілмен оқшаулауды, осы тауарларды жалға беруді және осы тауарларды пайдаланып ақылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, қандай да бір коммерциялық қызмет үшін пайдалануға жол берілмейді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев