• Мое избранное
Медициналык және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Медициналык және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15167 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 24 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 16.02.2023 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 5-тармагына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Коса беріліп отырған Медициналык және фармацевтік кадрлардын біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департамент заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазакстан Республикасының нормативтік қүқықтық актілерінің эталондык бакылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу кұкығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру үйымдарына жеткізіуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазакстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармактың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыктың орындалуын бақылау Қазакстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М, Актаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрык алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының  
Білім және ғылым министрі
Е.Сағадиев
2017 жыл 27 сәуір
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165
бұйрығымен бекітілген
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) мамандықтар бойынша міндетті компонентіндегі пәннің мазмұнын, көлемін және кадрларды даярлаудың қорытынды деңгейін анықтайды.
2. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдерінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды реттеу және біріздендіру есебінен қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасына қол жеткізуге ықпал ету Үлгілік бағдарламаның мақсаты болып табылады.
3. Осы Үлгілік бағдарламаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
2) кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
3) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру нысаны;
4) мамандық - білім туралы тиісті құжатпен расталған белгілі бір қызмет түрін анықтау үшін қажетті мақсатты бағытталған даярлығы және жұмыс тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағды жолымен алынған кешен;
5) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) пәннің бағдарламасы (силлабус) – қосымша білім беруді іске асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;
7) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;
8) сертификатты цикл – біліктілік санатын алуға үміттенген жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі бар тыңдаушыларға арналған біліктілікті арттыру циклі;
9) симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және басқа жағдайларды модельдеуге негізделген, нақты шешімдерді жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың заманауи технологиялары.
4. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5885 тіркелген) Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
5. Негізгі пәндердің міндетті компоненттерінің тізбесі мен мазмұны осы Үлгілік бағдарламаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталған.
2-тарау. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-26 Бұйрығына сәйкес (14.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.
7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-26 Бұйрығына сәйкес (14.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-26 Бұйрығына сәйкес (14.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Ішкі аурулар терапиясындағы инновациялық технологиялар»;
«Салауатты өмір салтын ұстану мен аурулардың алдын алу»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде ішкі аурулардың шұғыл терапиясы»;
«Жасөспірім ауруларының диагностикасы, ағымы мен емдеу ерекшеліктері»;
«Амбулаториялық-емханалық терапия»;
«Терапиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Ішкі ағзалар ауруларын емдік тамақтану арқылы емдеу мәселелері»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңдегі терапиядағы диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері»;
«Терапиялық соматикалық және хирургиялық аурулардың шекаралық жағдайлары»;
«Терапиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Шекаралық психикалық ауруларды диагностикалау, емдеу және жүргізу тактикасы, сонымен қатар самотоформдық бұзылулар кезінде».
3-тарау. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
9. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдерінде – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), бұдан бұрын интернатура және резидентураны (клиникалық ординатура) оқыған, «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» және «Педиатрия» мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарынан өткен «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандарға арналған қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-26 Бұйрығына сәйкес (14.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.
11. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар: