• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

5

Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15175 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар;
2) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы «27» наурыздағы
№ 54 қаулысына
1-қосымша
1
Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар
Осы Талаптар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.01.2025 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (06.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) алаң секторы - Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген) қор биржасының ресми тізімі алаңының бөлігі;
2) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын осы бағалы қағаздар шығарылымы шарттарында алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
3) «Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер» сегменті - купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауды бастаған эмитенттердің бағалы қағаздарына арналған қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;
4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалдау сертификаттары, исламдық қатысу сертификаттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық бағалы қағаздар деп танылған өзге бағалы қағаздар;
6) қор биржасының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;
7) қор биржасының тізімі - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған, қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі;
8) листингтік компания - бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (қор биржасының ресми тізімінде айналысқа жіберілген) заңды тұлға;
9) ресми тізім алаңы - қор биржасының секторлардан тұратын ресми тізімінің бөлігі;
10) рұқсат беру бастамашысы - бастамасымен бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, қор биржасы не қор биржасының мүшесі;
11) сауда алаңы - қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
12) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспарының негізінде эмитент іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдердің не «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспарының кешені.
3. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналысқа Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының тізіміне енгізілген (тізімде айналыста болуға рұқсат берілген) бағалы қағаздарға рұқсат беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 267 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналысқа құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалардың құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдарына рұқсат берілмейді.
4. Қор биржасының тізімі қор биржасының ресми тізімінен және «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторының бейресми тізімінен тұрады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 165 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
5. Қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (рұқсат беріледі).
6. Қор биржасының ресми тізімі мынадай оқшауланған алаңдардан тұрады:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге алаңдар.
Талаптардың 16-тармағында белгіленген жағдайларда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген алаңдарда орналасқан бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің «Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер» сегментіне ауыстырылуы мүмкін.
7. Қор биржасының ресми тізімінің алаңдары жекелеген секторларға бөлінеді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысымен (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қор биржасының ресми тізімі алаңдарының секторлары жекелеген санаттарға және шағын санаттарға бөлінуі мүмкін.
Бағалы қағаздарды Талаптардың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген алаңдардың секторларына (санаттары мен кіші санаттарына) бөлу өлшемшарттары (шарттары) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
4)қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін өзге секторлар.