• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
2017 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2017 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 164 бұйрығы

Осы редакция 14.04.2017	жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - орта білім беру ұйымдары) оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) 2017 жылғы 17 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу үшін оқу орындарының тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін пәндердің тізімі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өкілдерінің тізімі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін Министрлік программисттерінің тізімі бекітілсін.
3. Министрлік өкілдері:
1) орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша басшылық пен бақылауды жүзеге асырсын;
2) орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз етсін;
3) 2017 жылғы 15 мамырға дейін орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу қорытындылары туралы есепті Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) ұсынсын.
4. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) (Р. Әлімқұлов):
1) Министрлік өкілдерінің іссапар шығыстарын 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде төлеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықта белгіленген мерзімде ОЖСБ рәсімдерін ұйымдық-технологиялық алып жүруді қамтамасыз етсін;
3) ОЖСБ нәтижелерін өңдеуді 2017 жылғы 15 мамырға дейін аяқтасын және Комитетке ұсынсын.