• Мое избранное
«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 60

«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 маусымда № 15209 болып тіркелді

Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы
  ________________ Н.Қ. Әбдібеков
2017 жылғы 11 мамыр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 сәуір № 272
бұйрығымен бекітілген
  • 1
«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты
1- бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.03.2024 жылғы № 161 Бұйрығымен (18.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 жылғы № 672 Бұйрығымен (19.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.12.2025 жылғы № 750 Бұйрығына сәйкес (07.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қаржылық есептілік аудитіне «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығымен бекітілген көлемде және нысандар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі және «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген көлемде, сондай-ақ нысандар, кезеңділік және Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидалары) бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоғырландырылған қаржылық есептілігі жатады.
3. Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға және мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит жүргізуге басшылық, оны бақылау мерзімі және оның сапасы үшін Заңның 36-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік аудитордың ассистенті аудит барысында өзі жасаған және қол қойған құжаттар үшін Заңның 36-1-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
4. Осы Стандарт қаржылық есептілік аудитін жүргізу процесінде мемлекеттік аудитордың және мемлекеттік аудитордың ассистентінің іс-қимылдарының сабақтастығын айқындайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қағидаларының (бұдан әрі – Ішкі мемлекеттік аудит қағидалары) 2-тарауында белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезеңдері:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жоспарлау (ішкі бақылау жүйесін тестілеу; зерттеу әдістерін айқындау (тұтас немесе іріктеулі), аудит жоспарын және бағдарламасын жасау және бекіту);
аудитті мәні бойынша жүргізу (аудиторлық дәлелдерді, аудиторлық рәсімдерді, аудиторлық іріктеуді жинау);
аудитті аяқтау (аудит нәтижелерін қорыту және оларды құжаттық рәсімдеу).
7. Жұмыс құжаттары ақпарат көзі және мемлекеттік аудитор орындаған жұмыстардың қорытындысы дәлелі болып табылады.
8. Осы Стандарттың әрекеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына, сондай-ақ мемлекеттік аудитордың ассистентіне (-теріне), тартылған (-атын) ішкі аудит қызметінің қызметкеріне (-леріне) және сарапшысына (-ларына) қолданылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-1. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1-бөлім 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
аудиторлық тәуекел – аудиторлық пікірді тиісінше білдірмеу және аудиторлық тексерудің тиімсіздігі туралы мемлекеттік аудитордың тәуекелі;
аудиторлық файл – аудиторлық іс-шараның барлық кезеңдері бойынша, оның ішінде аудит объектісінен және басқа да сыртқы ақпарат көздерінен алынған мемлекеттік аудит тобының мүшелері жасаған жүйелендірілген және хронологиялық тәртіппен топтастырылған құжаттар пакеті;
қайталап орындау – бұл мемлекеттік аудитордың олармен қолданылатын бақылау құралдары бойынша аудит объектісінің басшылығына және қызметкерлеріне қатысты бақылау іс-қимылдары;
сыртқы растау – мемлекеттік аудитор үшінші тараптың (растаушы тараптың) қағаз, электрондық тасығыштарда тікелей жазбаша жауап түрінде алған аудиторлық дәлелдеме;
тәуекелді бағалау жөніндегі рәсімдер – қаржылық есептілік және жазбаша растау деңгейінде алаяқтық немесе қате себептері бойынша ақпаратты айтарлықтай бұрмалау тәуекелдерін анықтау және бағалау мақсатында ұйымның ішкі бақылау жүйесін қоса алғанда, ұйым және оның қызметінің шарттары туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік аудитор орындайтын аудиторлық іс-әрекеттер.
9. Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасымен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Заңның 2-бабы 3-тармағына сәйкес осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.01.2023 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2- бөлім. Ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру
1-тарау. Ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау
1-параграф. Аудитті жоспарлау
10. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі жоспар әзірлейді, онда мемлекеттік аудиттің үлгісі мен мерзімдері, мемлекеттік аудит объектілері мен жүру маршруттары, қажетті кадрлық ресурстар, аудиторлық іс-шарада қамтылатын қаражат және (немесе) активтер көлемі көрсетіледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Жоспарлау - жоспар, аудиторлық рәсімдердің бағдарламасын және көлемін әзірлеумен және жасаумен қорытылатын қаржылық есептілік аудитінің бастапқы кезеңі.
12. Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау жөніндегі жұмыстардың сипаты мен ауқымы аудит объектісінің ұйымдық құрылымының мөлшері мен күрделілігіне, белгілі бір аудиторлық тапсырмада айқындалған мақсаттарына, мемлекеттік аудитордың аудиттелетін объект қызметінің ерекшеліктерін түсінуге байланысты.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Жоспарлау кезінде елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтау мен бағалауға дейін:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін зерделеу;
2) тәуекелдерді бағалау шеңберінде талдамалық рәсімдерді орындау;
3) маңыздылық деңгейін анықтау;
4) шоғырландырылған қаржылық есептіліктің компоненттеріне қатысты талдамалық рәсімдерді орындау қажет.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің компоненттері – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржылық есептілігі, сондай-ақ оның ведомстволарының шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
14. Жоспарлау процесінде үздіксіз ақпарат жинау және өңдеу процесінің жолымен мемлекеттік аудитор аудит объектісі қызметі туралы алынған мәліметтерді ескереді. Бұл ретте алдыңғы сатыларда алынатын ақпарат бұдан алдыңғы сатыларда алынған деректерді толықтырады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аудит жоспары мен бағдарламасы Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының талаптарын есепке ала отырып жасалады.
2- параграф. Аудит объектісінің қызметін зерделеу