Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 333 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 37, 39, 40, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 66, 67, 68, 69, 69-2-жолдар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» деген бөлім алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
195. |
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы |
196. |
«Қазақстан инжиниринг» Research g Development орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
|
197. |
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы |
198. |
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
199. |
«В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
200. |
«Ионосфера институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
201. |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |