• Мое избранное
Прокуратура туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.11.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ

Осы Заң күшін жойды 2022 жылғы 18 қарашадан бастап ҚР 05.11.2022 жылғы № 155-VII ҚРЗ Конституциялық заңына сәйкес
Редакция 06.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Прокуратураның мақсаты
Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституцияда және заңда айқындалады.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң қағидаттары
1. Прокуратура төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.
2. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз болу және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттарында жүзеге асырады.
3. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде олардың қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметіне тексеріс тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
5. Прокуратура органдары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтiндей деңгейде жария әрекет етеді.
4-бап. Прокуратураның міндеттері
Прокуратура заңда белгіленген шекте мынадай міндеттерді:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді;
2) заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жоюды;
3) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді;
4) заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
2-тарау. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ САЛАЛАРЫ
5-бап. Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары
Прокуратура заңда белгіленген шекте және тәртіппен:
1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
2) заңды күшіне енген сот актілерінің;
3) атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;
4) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың:
сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі;
қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы қызметінің;
5) мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың заңдылығын;
6) заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі – қадағалауды) жүзеге асырады.
6-бап. Қадағалау нысанасы, нысандары және шегі
1. Прокуратура – мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, ал айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
2. Қадағалау тексерістер және заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау арқылы жүзеге асырылады.
3. Прокурор заңдылықтың сақталуын тексеруді өзінің құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары негізінде тағайындайды және жүргізеді.
4. Бас Прокурор орынбасарларының, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың, аудандар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының қызметіне тексерісті тағайындау және жүргізу туралы шешімдері:
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты
өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
2) шектелмеген адамдар қатарының;
3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің;
3-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2021 жылғы № 62-VII Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады.
4-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2021 жылғы № 62-VII Заңына сәйкес (өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР 02.07.2021 жылғы № 62-VII Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асырған кезде өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.
7-бап. Тексерістер жүргізу тәртібі
1. Прокурор, мына жағдайларды:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүргізілетін тексерістерді;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2021 жылғы № 62-VII Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)