• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.08.2020 г

Отправить по почте

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2017 жылғы 24 мамырдағы № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15268 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 14.07.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 497 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11571 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:
1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы полиция генерал-лейтенанты М. Демеуов
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 356 бұйрығымен
бекітілді
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» 2017 жылғы 13 наурыздағы № 180 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15042 болып тіркелді) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Ішкі істер министрлігі www.mvd.gov.kz интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шет мемлекеттердің паспортына не Қазақстан Республикасы осындай құжат ретінде танитын жеке басты куәландыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін өзге құжатқа (бұдан әрі – шетелдік паспорт) толтырылған визалық жапсырманы жапсыру жолымен Қазақстан Республикасының визаларын беру, қалпына келтіру немесе ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы «терезе» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берілген қоса берілген құжаттары бар өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығына, сондай-ақ он минут ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруі;
2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі;
3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты орындаушыны таңдауы;
4) орындаушының көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдаған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністеріне (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін өтінішті жолдауы;
5) бір жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлауы;
7) он минут ішінде толтырылған визалық жапсырма жапсырылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру.
7-1. Мынадай рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) он минут ішінде орындаушының өтінішті онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне тексеруі;
2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті тіркеуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты орындаушыны он минут ішінде таңдауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алу күнінде орындаушының өтінішті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністеріне (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін жолдауы;
5) тиісті санаттағы визаны жапсыру не стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша бір жұмыс күні ішінде дәлелді бас тарту;
6) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім туралы бір жұмыс күні ішінде хабарлауы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға жапсырылған толтырылған визалы жапсырмасы бар құжаттары беру не стандарттың 10-тармағында көзделген негізде бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан он минут ішінде дәлелді бас тарту.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;
10. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсететін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті түскен күні тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайылығын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды алған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;
4) орындаушының ҰҚКД жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өңдеуі және тиісті санаттағы визаны жапсыру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимыл жасасу дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында (бұдан әрі – бизнес-процестерінің анықтамалығы) көрсетіледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ бизнес-процестерінің анықтамалығы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ 
адамдардың Қазақстан Республикасына келу 
және Қазақстан Республикасынан кету 
құқығына Қазақстан Республикасының 
аумағында визаны беру, қалпына келтіру 
және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.02.2019 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (24.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы