Bestprofi Logo

Бұйрық № 170 от 2017-04-17г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 15303 болып тіркелді

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (17.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2) «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:

«3) деректер банкі – Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілген сорттарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сорттарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сорттардың паспорттық деректерінің жинағы;»;

«6) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) – мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңес органы;»;

«8) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім және (немесе) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;»;

«4. Сорттық сынақ өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгiсі өткен жылдың не ағымдағы жылдың өнімінен iрiктеледі және онымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша тұқымға арналған аттестат немесе куәлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификат бірге жүреді.»;

«15. Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу кемінде екі вегетациялық кезеңде жүргізіледі.

Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд (бұдан әрі – тұқым жеткізуге арналған наряд) жолдайды.

Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.»;

«18. Сорт жаңалығына сараптаманы Мемлекеттік комиссия өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау арқылы және деректер банкін пайдалана отырып жүргізеді.

Егер, өтінім берілген сортқа жаңалыққа сараптама жүргізу нәтижесінде сорттың жаңалық өлшемшартына сәйкес еместігі анықталса, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі - патент беруден бас тарту туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.»;

«21. Мемлекеттік комиссия сорт атауының осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу нәтижелері бойынша патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі келіп түскен күннен бастап екі айлық мерзімде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындыны сараптама ұйымына жолдайды.

Егер, сорттың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, сараптама ұйымының сұранымы бойынша өтінім беруші екі айлық мерзімде сорттың жаңа атауын ұсынады.»;

«32. Егер, Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігіне сараптама және сынақтан өткізу нәтижесінде өтінім берілген сорттың патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия патент беруге арналған қорытындысы бар сорт сипаттамасын және сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындыны жасайды және оларды он жұмыс күні ішінде екі данада сараптама ұйымына жолдайды.»;

«1) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге қосуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды;

2) өтінімге және сорт атауына сараптама жасауды;»;

«37. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінімді ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтініш, екі данада;

2) өтінім берушінің деректерi бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткiзу кезiнде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша) екі данада;

4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;

6) өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);

7) сынаққа берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сорттар үшін);

8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгiлерi.

38. Өтінімді заңды немесе жеке тұлға, ал патент беруге өтінім берілген сорт бойынша – патент беруге арналған өтінім берген адам, не көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыруға сенімхаты бар өтінім берушінің өкілі береді.

Шетелдік өтінім берушілерден өтінім Мемлекеттік комиссияға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген олардың өкілдіктері арқылы беріледі. Көрсетілген өкілдіктер өтінім бойынша істер жүргізуге байланысты, оның ішінде кедендік ресімдеу және тұқымды жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынақтан өткізу үшін тұқымдық және отырғызу материалын жіберу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырады.

39. Селекциялық жетістікті кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына қосу үшін өтінім беруші өтінімді Мемлекеттік комиссияға:

жабық топырақ дақылдары бойынша 15 тамыздан;

күздік егіс дақылдары бойынша 10 қазаннан;

жаздық дәнді масақты, дәнді-бұршақты, жармалық (күріштен басқа), майлы дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, біржылдық, көпжылдық шөптер (құмайжүгеріден басқа) және азықтық тамыртүйнектер бойынша 1 желтоқсаннан;

жүгері, күріш, құмайжүгері бойынша 15 желтоқсаннан;

иіру, техникалық, эфирмайлы дақылдар, мақта, жеміс, жидек дақылдары, жүзім, тұт, тұт ағашының будандары, гүлді-декоративтік өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша 25 желтоқсаннан кешіктірмей береді.»;

«41. Өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және өтінім берілген сорттың мәнін өзгертетін белгілері бар қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге бір ай мерзімінде жазбаша нысанда хабарлайды.

42. Мемлекеттік комиссиямен хат алмасуды өтінім беруші немесе уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.»;

«45. Мемлекеттік комиссия өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде өтінімге және сорт атауына сараптама жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

«47-1. Шаруашылыққа пайдалылығына далалық сынақ жүргізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге тұқым жеткізуге арналған наряд жолдайды.

Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.»;

«1) өтінім беруші топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;»;

«51. Сорт өтінім берілген сипаттамаға біртектілігі бойынша сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік комиссия сортқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты өтінімді қабылдамау және сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жолданады.»;

«53. Егер, өтінім беруші өтінім тіркелген сәттен бастап екі жыл қатарынан Мемлекеттік комиссия жолдаған тұқым жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынау үшін тұқымдық және отырғызу материалын ұсынбаған жағдайда, сорт шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден алынады.

54. Өтініш берушінің деректері бойынша және мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссияның Сараптама кеңесі селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды (бұдан әрі – Сараптама кеңесінің қорытындысы) жасайды.»;

«56. Комиссия сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастыру қорытындылары бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті шешім қабылдау үшін сортты сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша пайдалануға сортты ұсыну туралы ұсыныс енгізеді.»;

мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

«56-1. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тартуға арналған негіздер:

1) өтінім берушінің сортты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) сортты сынақтан өткізу үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________ Д. Абаев 2017 жылғы 27 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі ________________ М. Бекетаев 2017 жылғы 5 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ж. Қасымбек 2017 жылғы 12 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 22 мамыр

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (17.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығына 2-қосымша Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан

____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ____________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы)

Тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мынадай тұқымдық және (немесе) отырғызу материалын (керегінің асты сызылсын) сорттық сынаққа жіберуді сұрайды:

Дақыл

Сорт

Облыс

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (станцияның) атауы

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (станцияың) мекенжайы

Мөлшері, килограмм

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Жеткізу мерзімі 20___жылғы «___» ____________ дейін Басшы ___________ __________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығына 3-қосымша Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 1-1-қосымша Нысан

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, мөрі (бар болса))

Өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды

Өтінім №____________________________ Өтінімнің берілген күні:___________________

Дақыл (тек, түр)___________________________ Сорт/Будан:________________________

Өтінім беруші(лер):___________________________________________________________

Сорттың авторы(лары):________________________________________________________

Шығу тегі бойынша сипаттама:_________________________________________________

Селекция әдісі:_______________________________________________________________

Өмір салты:______________________________ Даму циклі:_________________________

Сынақ басталған күн:______________________ Сынақтан алынған күн:_______________

Аудандастырылған жыл:_______________ Аудандастырудан алынған жыл:____________

1. Ерекшелігі (distinctness)______________________________________________________

2. Біртектілігі (uniformiti)_______________________________________________________

3. Тұрақтылығы (stabiliti)_______________________________________________________

4. Сорт бойынша басқа ақпарат:_________________________________________________

DUS-test – distinctness (ерекшелігі), uniformiti (біртектілігі), stabiliti (тұрақтылығы).

Селекциялық жетістікті патент қабілеттілігіне сараптау

нәтижелері бойынша қорытынды:_______________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сілтеме келтіре отырып, патент

Сараптама кеңесінің мүшелері:_____________________________________________

_________________________________________ _________________________________________ _________________________________________

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығына 4-қосымша Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 1-2-қосымша Нысан

(тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған жағдайда), қолы, мөрі (бар болса))

Селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытынды

Өтінім №_____________________ Өтінімнің берілген күні_________________________________

Дақыл:____________________________________________________________________________

Өтінім беруші(лер):_________________________________________________________________

Автор(лар):________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауы:_____________________________________________

__________________________________________________________________________________

Селекциялық жетістіктің тіркелген аты:

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

Тексеру өткізу негізі: ________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

Атаудың қысқаша сипаттамасы:_______________________________________________________

__________________________________________________________________________________

Сараптама нәтижелері:______________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

(сорттың атауы сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасына сілтеме келтіре отырып, негіздеме көрсету)

Патент қабілеттілігіне сараптама жасау бөлімінің басшысы______________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығына 5-қосымша Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, «Іскер» бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)


 

Селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтініш

Өтiнiш берушi(лер)

________________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)

________________________________________________________________________________________

Азаматтығы

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

Хат алмасуға арналған мекенжайы

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

Телефоны____________ Электрондық мекенжайы_____________________________________________

Селекциялык жетiстiк оригинаторының(ларының) атауы(лары),

мекенжайы(лары) және қатысу үлесі, %-бен

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Тек, түр (қазақша атауы)

_______________________________________________________________________________________

Тек, түр (орысша атауы)

_______________________________________________________________________________________

Тек, түр (латынша атауы)

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Ұсынылып отырған атауы

_______________________________________________________________________________________

Селекциялық нөмiрi

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса)

Тегi

Аты

Әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Үйiнiң мекенжайы

Қатысу үлесi, %


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Мендегi (бiздегi) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтiнiмдер

Тiркелген

Өтiнiм нөмiрi

Кезеңі

Қандай атаумен

елі

күнi

Күзет беруге


 


 


 


 

Шаруашылыққа пайдалылығына сынауға


 


 


 


 

Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы сортты бiлдiретiнiн және осы өтiнiмге сәйкес келетінiн мәлiмдеймiн(мiз)

Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткiзу (пайдалану) салалары

Мен (бiз) селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттiк сынақтан өткiзудi өтiнемiн(мiз).

Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша өтiнiмдi қарауға қажеттi және осы өтiнiш пен қосымшаға енгiзiлген ақпарат түпкiлікті және дұрыс екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз).

Мен (бiз) үлгiлердiң тиiсiнше алынғандығын және сорттың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын(мыз).

Мен (бiз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргiзу үшiн тұқымның қажеттi мөлшерiн, сондай-ақ сақтауға сорттың эталондық үлгiсiн өтеусiз беруге мiндеттенемiн(міз).

Өтiнiш берушiнiң (берушілердiң) қолы (қолдары)____________ ___________

____________ ___________ ____________ ___________ ____________ ___________ ____________ ___________

Мөр (бар болса) орны

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығына 6-қосымша Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 4-қосымша Нысан

Селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар қорытынды

Сорт/будан_________________________________________________________________________

Сынақтан өткізудің басталған жылы____________________________________________________

________________________ жылғы орташа көрсеткіштер__________________________________

Түсімділік, центнер/гектар____________________________________________________________

Тәлімі жерде________________________________________________________________________

Суармалы жерде____________________________________________________________________

Көрсеткіштер

20 _____

20 ____

20___

Орташа

1

2

3

4

5

1. Облыс___________________


 


 


 


 

Сорт учаскесі_______________


 


 


 


 

Стандарт___________________


 


 


 


 

Сорт_______________________


 


 


 


 

Ауытқушылық


 


 


 


 

Сорт учаскесі_______________


 


 


 


 

Стандарт___________________


 


 


 


 

Сорт_______________________


 


 


 


 

Ауытқушылық


 


 


 


 

Сорт учаскесі_______________


 


 


 


 

Стандарт___________________


 


 


 


 

Сорт_______________________


 


 


 


 

Ауытқушылық


 


 


 


 

Орташа_____________________


 


 


 


 

Стандарт___________________


 


 


 


 

Сорт_______________________


 


 


 


 

Ауытқушылық


 


 


 


 

Облыс бойынша орташа______


 


 


 


 

Стандарт___________________


 


 


 


 

Сорт_______________________


 


 


 


 

2. Облыс бойынша түсімділіктің кепілдендірілген қосылуы, центнер/гектар_______________________________________________________

3. Экономикалық тиімділік, %__________________________________________

4. Баға өлшемшарттары________________________________________________

5. 1000 тұқымның, түйнектің, жемістің массасы, грамм_____________________

6. Қорапшаның массасы, грамм_________________________________________

7. Бір қорапшадағы шитті мақтаның массасы, грамм_______________________

8. Шитті мақтадан талшық шығымы, %__________________________________

9. Жапырақтылық, %__________________________________________________

10. Өнімнің түптенуі, сабақ____________________________________________

11. Өсімдік биіктігі, сантиметр_________________________________________

12. Талшық ұзындығы, миллиметр______________________________________

13. Төменгі бұршақтардың бекіну биіктігі, сантиметр______________________

14. Бұршақтардың жарылғыштығы, %___________________________________

1.15. Ауруларға төзімділігі, балл

Аурулар


 


 


 


 


 


 


 


 

2.16. Зиянкестерге төзімділігі, балл

Зиянкестер


 


 


 


 


 


 


 


 

17. Жапырылып қалуға төзімділігі, балл__________________________________

18. Төгілуге төзімділігі, балл___________________________________________

19. Құрғақшылыққа төзімділігі, балл____________________________________

20. Сақталғыштық, %_________________________________________________

21. Вегетациялық кезең, күн____________________________________________

22. Дегустациялық бағасы, балл_________________________________________

23. Сорттың жалпы бағасы, балл________________________________________

24. Өсіп-өнуге төзімділігі, балл_________________________________________

25. Сапалық және технологиялық көрсеткіштері


 


 


 


 

Көрсеткіштер, %миллиграмм/грамм, миллилитр


 


 


 


 

Ескертпе: кестеде көрсетілмеген көрсеткіштер қосымша толтырылады.

Негіздемені дайындаған ______________________________________________ ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

Қорытынды ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________

Басшы___________ ______________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание