• Мое избранное
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 397 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 15319 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 15 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.05.2018 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылсын деп танылсын:
1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1130 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 14717 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 _____________ Т. Сүлейменов
 2017 жылғы _______________
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 7 маусымда
№ 397 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар:
1) мемлекеттік мекеме болып табылатын;
2) мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын Жіберу ережелеріне сәйкес шетелге бюджет қаражатының есебінен емделуге жіберу қағидаларына сәйкес ем көрсететін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген;
4) Отандық медициналық ұйымдардың жағдайында шетелде емделуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға ем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдауды жүзеге асыру және олардың шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
2) байқаушылар – «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер өңірлік палаталарының, пациенттердің және денсаулық сақтау субъектілерінің мүдделерін осы өңірде ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіп одақтарының өкілдері;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе ДСБ;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) денсаулық сақтау субъектісі – денсаулық сақтау ұйымы не жеке меншік медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға;
6) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – бюджет қаражатының есебінен салынған, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде оны басқару осы объектіде тиісті қызметті жүзеге асыруға лицензия берілген денсаулық сақтау ұйымына алғаш рет пайдалануға берілген объект;
7) қызмет берушіні тандау жөніндегі комиссия – осы Қағидаларға сәйкес қызмет берушіні тандауды жүргізу үшін тапсырыс берушімен құрылатын алқалы әрдайым жұмыс істеп тұрған орган;
8) қатысуға өтінім – әлеуметті қызметтер беруші ұсынатын қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға өтінім немесе әлеуетті МСАК қызметтер берушісі ұсынатын бекіту науқанына қатысуға өтінім немесе әлеуетті қосалқы мердігер ұсынатын қосалқы мердігерді таңдау рәсіміне қатысуға үшін өтінім;
9) қосалқы мердігер – қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
10) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
11) өндірістік база – лицензияға қосымшаға көрсетілген медициналық қызметтер көрсету орны;
12) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – МҚАТК АД) немесе ДСБ;
13) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау (бұдан әрі – қызметтер берушілерді таңдау) – осы Қағидалардың талаптарына қызметтер берушінің сәйкестігін айқындауға және ТМККК көрсетуге шарт жасасу арқылы ТМККК орналастыруға бағытталған өзара байланысты реттілік іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;
14) ТМККК көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – қолданыстағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің негізінде тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
15) ТМККК-ні орналастыру – комиссиямен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тапсырушы бөлген қаражаттардың шегінде қызметтер берушілердің арасында орналастыру және ТМККК көлемін айқындау.
2-тарау. ТМККК берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау тәртібі
1-параграф. ТМККК жөніндегі қызметтер берушіні таңдаудың негізгі ережелері
3. ТМККК қызметтерін берушіні таңдау:
республикадық бюджетінің қаржаты есебінен мынадай медициналық көмек көрсету түрлері бойынша іске асырылады:
дәрігерге дейінгі;
білікті, мамандырылған, жоғары техникалық медициналық қызмет, медициналық-әлеуметтік, мынадай нысаналарда көрсетіледі:
1)амбулаториялық-емханалық көмек көрсету:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмекті қосады;
2) республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының көмек көрсетуін қоса алғанда, алғашкы медициналық - санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болуына/болмауына қарамастан, медициналық стационарлық көмек: