• Мое избранное
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 13-қосымша

Осы Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2017 жылғы № 272 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 09.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (11.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құжаттарды қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 1 жұмыс күн ішінде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес);
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 1 жұмыс күн ішінде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қол қойған немесе көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының ЭЦҚ куәландырылған «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген бекітілген № 086/е нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы (бұдан әрі – Анықтама).
Көрсетілген қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде дәрігердің бос уақытын, көрсетілетін қызметті беруші дәрігерлерінің кестесіне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету құнын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайында орналастырылады.
Ақы төлеу көрсетілетін қызметті берушінің шотына қолма қол ақшамен немесе қолма қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13392 болып тіркелінген) демалыс және мереке күндерінен басқа, үзіліссіз дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін қажет);
2) мемлекеттік қызметті көрсетілген үшін төлемді растайтын құжат.
10. Мемлекеттік қызметтің стандартымен көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттардың пакетін және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды қызмет алушы ұсынған жағдайда қызмет беруші өтінішті қабылдаудын бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.
11-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (11.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оны тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі. Көрсетілітін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.
Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының интернет-ресурстарында сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарың интернет-ресурстарында орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (11.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Көрсетілген қызметті алушының байланыс телефоны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (11.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Приложение
к стандарту государственной услуги «Прохождение
предварительных обязательных медицинских осмотров»
А5 форматы
Формат А5


 


 

КҰЖЖ бойынша ұйым коды

Код организации по ОКПО

_______________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Министерство здравоохранения

Республики Казахстан


 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы

«23» қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген

086/е нысанды

медициналық құжаттама

Ұйымның атауы

Наименование организации

Медицинская документация

Форма № 086/у

утверждена приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан

«23» ноября 2010 года № 907

Жоғары оқу орындарына, колледждерге, орта арнаулы оқу орындарына, кәсіби-техникалық, техникалық училищелерге түсушілерге, жұмысқа орналасатын жасөспірімдерге толтырылатын (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)
МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА
МЕДИЦИНСКАЯ СПРАВКА
 (врачебное профессионально-консультативное заключение) заполняется на абитуриентов, поступающих в высшие учебные заведения, колледжи, средние учебные заведения, профессионально-технические, технические училища и поступающих на работу от 20____жылғы (года) «_____» __________________ күнінен
 ______________________________________________________________________________________  
 1. Берілді (Выдана)___________________________________________________________________ анықтама берген ұйымның атауы мен мекенжайы (наименование и адрес организации, выдавшей справку) ______________________________________________________________________________________  
 2. Анықтама берілетін оқу, жұмыс орнының атауы (Наименование учебного заведения, куда представляется справка) _______________________  
 2.1 Анықтама берілетін жұмыстың атауы (Наименование работы, куда представляется справка) ___________________________________ ______________________________________________________________________________________  
 3. Тегі, аты, әкесінің аты (Фамилия, имя, отчество) (при его наличии)_________________ ______________________________________________________________________________________  
4. Жынысы (Пол) Е.(М), Ә.(Ж)  
 5. Туған күні (Дата рождения)_________________________________________________________  
 6. Мекенжайы ( Адрес местожительства)_________________________________________________ ______________________________________________________________________________________  
 7. Бастан өткерген аурулары (Перенесенные заболевания) _______________________________ ______________________________________________________________________________________  
 8. Зерттеп-қарау кезіндегі объективті деректер мен денсаулық жағдайы (Объективные данные и состояние здоровья на момент обследования):_____________________ терапевт______________________________________________________________________________ хирург________________________________________________________________________________ невропатолог__________________________________________________________________________ көз дәрігері (окулист)________________________________________________________________ отоларинголог_________________________________________________________________________ басқа мамандар (другие специалисты)___________________________________________________ ______________________________________________________________________________________
  9. Рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау деректерi (Данные рентгенологического (флюорографического) обследования)________________________ ______________________________________________________________________________________  
 10. Зертханалық зерттеулердің деректері (Данные лабораторных исследований)____________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________  
 11. Сақтандыру екпелері (күнін көрсету) (Предохранительные прививки (указать дату)) __________________________________________ ______________________________________________________________________________________  
 12. Кәсіби жарамдылығы туралы дәрігерлік қорытынды (Врачебное заключение о профессиональной пригодности)_________________________________ ______________________________________________________________________________________ Анықтама толтырған адамның қолы (Подпись лица, заполнявшего справку)__________________ Емдеу-профилактикалық ұйымының бас дәрігерінің қолы (Подпись главного врача лечебно- профилактической организации) _______________________ Мөр орны _____________________________________________________ Место печати
Ескерту: жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарына түсушілерге кәсіби жарамдылығы туралы орытынды тұлғаларды медициналық сұрыптау туралы әдістемелік нұсқаулар тізбесіне сәйкес берілді
Примечание: заключение о профессиональной пригодности и определение сроков годности справки даются в соответствии с перечнем методических указаний по медицинскому отбору лиц, поступающих в высшие учебные заведения и средние специальные учебные заведения или поступающих на работу.