• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына 11-қосымша

11-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық 11-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 15.06.2017 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11222) бекітілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік, біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысы немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды беру негіз болады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар топтамасы бар өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен тіркеу нөмірі мен күні көрсете отырып тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына бұрыштама салады. Жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны тағайындайды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 3 (үш) сағат;
3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын береді.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау өтетін орны мен күні туралы хат жолданады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
4) аттестаттауды тестілеу және әңгімелесу нысанында өткізу (әңгімелесу тек радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты персонал үшін). Радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты тұлға тестілеуден өткен жағдайда әңгімелесуге жіберіледі.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аттестаттау комиссиясының отырысы – аттестаттау өтетін күні 1 (бір) сағат ішінде;
6) жауапты орындаушы атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлікті, немесе біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысын дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – аттестаттау өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) тіркелген өтініш және кіріс нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар;
2) жазылған бұрыштама, көрсетілетін қызметті берушінің тағайындалған жауапты құрылымдық бөлімшесі және жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен тағайындалған жауапты орындаушы;
3) қарастырылған құжаттар топтамасын тексеру: өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап немесе аттестаттау өтетін орны мен күні туралы хат;
4) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау өткізу;
5) тестілеу және әңгімелесу нәтижелері (әңгімелесу тек радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты персонал үшін);
6) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлікті, немесе біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысын дайындау.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аттестаттау комиссиясы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері реттік тіркеу нөмірі мен күнін беріп, келіп түскен құжаттарды тіркеуді 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бұрыштама салады, өтінішті және құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жібереді, жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны 3 (үш) сағат ішінде тағайындайды;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады және тексереді;
4) аттестаттау (тестілеу және әңгімелесу (әңгімелесу тек радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты персонал үшін) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде – өткізіледі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау жөніндегі комиссиясы аттестаттау өтетін күні 1 (бір) сағат ішінде отырыс өткізеді;
6) жауапты орындаушы атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлікті, немесе біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысын аттестаттау өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Атом энергиясы пайдаланылатын
объектілерде жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы