• Мое избранное
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы « 17 » сәуірдегі № 219 бұйрығына 11-қосымша

Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық 11-қосымшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 17.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығымен (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші;
қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
«электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша немесе сот шешімінің негізінде – 3 (үш) жұмыс күні (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
порталда – азаматтық хал акт жазбасын жою күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;
Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;
әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;
неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде - тиісті некені қию туралы куәлік;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» қызмет берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және азаматтық хал акт жазбасын жою күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіде,  қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушының тұрғылықты жері немесе жойлатын акті жазбасының сақталу орны бойынша, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі жүгінген кезде азаматтық хал актісі жазбасын жою үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы акті жазбасын жою туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жойылуға жататын азаматтық хал акт жазбасының негізінде берілген куәіліктер немесе анықтамалар;
4) азаматтық хал акті жазбаларының жойылу қажеттігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат;
Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешімі негізінде акті жазбасын жою туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген күшін жою туралы, бұрын шығарылған фактіні тану не акті жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы сот шешімінің күшін жою туралы, күшін жоюға жататын акті жазбасын көрсете отырып, акті жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу   Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
9-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде:
9-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіде, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда: сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттардың берілген күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.
3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және азаматтық хал акт жазбасын жою күнін тағайындау туралы көрсетіледі;
9-тармақтың бесінші бөлігі 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Порталға жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
9-тармақ он бірінші бөлікпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал акті жазбаларының жойылу қажеттігін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда) ұсынылады.
Тіркеуші органға жойылуға жататын азаматтық хал акт жазбасының негізінде берілген куәіліктер немесе анықтамалар тапсырылады.
Порталда электрондық өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
9-тармақ он екінші бөлікпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9.1. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) онда қамтылатын деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның  лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне шағымдану): шағым осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызмет берушінің басшысының атына және Министрлікке беріледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектіге әрекеттің жасалғаны не тиісті лауазымды адамның немесе субъектінің шешім қабылдағаны туралы жеке немесе заңды тұлғаға белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъектнің немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өтуінің себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздің бірі болып табылуы мүмкін.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (тіркеу мөртабаны, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің  кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның  тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде  шағым жасаудың тәртібі  туралы  ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414,  8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті  берушінің  өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің  атына келіп түскен  шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың  нәтижелері туралы дәлелді жауап  көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберіледі не  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап кұту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) мемлекеттік қызмет берушінің интернет-ресурстарында, www.adilet.gov.kz Әділет министрлігінің сайтында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданатын парольді қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
4-тарау 16-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
 Нысан                  
 _______________________________
 ______________________________
 (тіркеуші органның атауы)
 ________________________________
 (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),)
тұратын мекенжайы:
 _______________________________
 _______________________________
 Тел. № _______________________
Акт жазбасының күшін жою туралы өтініш
  ___________________ туралы акт жазбасының күшін жоюыңызды сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
  1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________
  2. Туған күні _________________________________________________
  3. Туған жері_________________________________________________
  4. Ұлты_________________________________________________________
  5. Азаматтығы __________________________________________________
  6. Отбасылық жағдайы ___________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі және туылған жерлері _______________________________________
  _______________________________________________________________
8. Аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастарының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және
  олардың туылған жерлері _________________________________________
  _______________________________________________________________
  9. Жеке басын куәландыратын құжат _______________________________
  10. Қайда және кім болып жұмыс істейді ____________________________
11. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес (керегінің астын сызу)
  а) тіркеуде қайда тұр _____________________________________________
  б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _______________________
  _______________________________________________________________
  12. Тұрған жерлердің нақты тізбесі және қашан_______________________
  _______________________________________________________________
Келесі құжаттарды өтінішке қоса беремін:
  1) ______________________________ 4) _______________________________
  2) ______________________________ 5) _______________________________
  3)_______________________________6) ______________________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
   __________ «__» ____ __ 20 жыл __________ қолы
  Журнал бойынша № ____
---------------------------------------------------------------------------------------------------
  (ЖАО үшін – қиып алу сызығы)
  20____ жылғы «____» _______ акті жазбасының күшін жою туралы өтініш қарауға қабылданды
  Қарау нәтижелері 20____ жылғы «____» ____________ хабарланатын болады
 Маман __________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
 ______________________________
 _____________________________ (тіркеуші органның атауы)
 ________________________________
 мекенжайы бойынша тұратын _________________________________
 (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
 жеке басты куәландыратын құжат № ______
 (нөмірі, кім және қашан берген)
Сот шешімі негізінде акт жазбасының күшін жою туралы өтініш
 ____________________________________________________________ туралы « » заңды күшіне енген сот шешімі негізінде (сот атауы)
акт жазбасын күшін жоюды сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
  1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________
  2. Туған күні ______________________________________________________
  3. Туған жері ______________________________________________________
  4. Ұлты____________________________________________________________
  5. Азаматтығы _____________________________________________________
  6. Отбасы жағдайы _________________________________________________
  7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, туған күні және жері _____________________________________________
  8. Аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастарының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, туған күні мен жері және олардың тұратын жері______________________________________________________________
  9. Жеке басты куәландыратын құжат___________________________________
  10. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
11. Әскери қызметке қатыстылығы:
  а) қайда есепте тұр __________________________________________________
  б) қызмет ететін әскери бөлімнің атауы ________________________________
  __________________________________________________________________
12. Тұрған уақытын көрсете отырып тұрған жерлерінің толық тізбесі
  __________________________________________________________________
  __________________________________________________________________
13. Тергеуде, сотта тұрған не өтелмеген соттылығы немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда, ол туралы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініштің қабылданғаны туралы мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жіберу үшін көрсету
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
  1) ______________________________ 3)________________________________
  2) ______________________________ 4)________________________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
   __________ «__» ____ __ 20 жыл_______________________қолы
 __________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты, тегі)
  Журнал бойынша № ____
----------------------------------------------------------------------------------------------------
  (ЖАО үшін – қиып алу сызығы)
  20____ жылғы «____» _______ өтініш қарауға қабылданды
  Қарау нәтижелері 20____ жылғы «____» ____________ хабарланатын болады
 Маман __________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
  • 1
«Азаматтық хал актілері  
жазбаларын жою»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 27.12.2017 жылғы № 1640 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
____________________________
(Т.А.Ә (бар болса) не көрсетілетін
қызметті алушының атауы)
_____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік  корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының   № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен  құжаттардың атаулары:
       1)________________________________________;
       2)________________________________________;
       3)________________________________________.  
ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті " Азаматтық хал актілері жазбаларын жою " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
  ______________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (бар болса) қолы) Орындаушы: Т.А.Ә (бар болса) _____________ Телефоны __________ Алдым: Т.А.Ә (бар болса) / көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________ 20__ жылғы "___" _________