• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023 г

Отправить по почте

«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 463 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат, 2015 ж., № 36, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлімнің 2-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауларды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;»;
«5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары» деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшін бөлінген жолақпен жүретін қоғамдық көліктің жүрісін реттеу үшін «Т» әрпі түрінде орналасқан төрт ай түстес ақ дөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылады. Бір мезгілде төменгі сигналмен бір немесе бірнеше жоғарғы сигнал іске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы - солға, ортадағысы - тіке, оң жақтағысы - оңға жүруге рұқсат етеді.»;
«13. Жол қиылысынан жүріп өту» деген бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші өзі бұрылатын жолдың жүру бөлігін өзінің жүру бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және 5.9 (Қағидалардың 18-бөлімінің 2-тармағын ескере отырып) белгісімен белгіленген жолақ бойымен жүріп келе жатқан маршруттық көлік құралдарына және басқа-да қоғамдық көлікке жол береді.»;
«18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы» деген бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. 5.9, 5.10.1 - 5.10.3 белгілерімен белгіленген, маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық көліктерден басқа, басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.
Егер 5.9 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жолаққа егер бұл маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке кедергі тудырмайтын болса, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге рұқсат етіледі.»;
1-қосымшаның «5.9 Ақпараттық-нұсқағыш белгісі» деген бөлімде:
5.9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.9 «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ». Көлік құралдарының жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүруіне ғана арналған жолақ.»;
5.10.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.10.1 «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол». Маршруттық көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүрісі көлік құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге асырылатын жол.»;
2-қосымшаның «1. Көлденең таңба» деген бөлімнің 1.23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.23-маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты көрсетеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев