Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 15372 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13463 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 198 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 70 бұйрығымен
бекітілді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
Toggle Dropdown
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
Toggle Dropdown
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
Toggle Dropdown
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Toggle Dropdown
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес «Б» корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Жылдық бағалау:
Toggle Dropdown
1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
Toggle Dropdown
2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
Toggle Dropdown
6. Министрліктің Жауапты хатшысы «Б» корпусы қызметшісін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, Персоналды дамыту басқармасы оның жұмыс органы болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы Министрліктің Жауапты хатшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде Персоналды дамыту басқармасының қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
Toggle Dropdown
10. Жұмыстың жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
Toggle Dropdown
11. «Б» корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
Toggle Dropdown
12. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
Toggle Dropdown
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Персоналды дамыту басқармасына беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
14. Персоналды дамыту басқармасы Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Персоналды дамыту басқармасы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
Toggle Dropdown
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
Toggle Dropdown
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
Toggle Dropdown
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
Toggle Dropdown
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері Министрлікпен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Toggle Dropdown
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес «+1»-ден «+5» балға дейін иеленеді.
Toggle Dropdown
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
Toggle Dropdown
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, Министрлік басшылығының, тікелей басшысының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Toggle Dropdown
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжатайналым қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
Toggle Dropdown
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
Toggle Dropdown
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
Toggle Dropdown
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Toggle Dropdown
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде Персоналды дамыту басқармасы және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
Toggle Dropdown
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
Toggle Dropdown
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
Toggle Dropdown
24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы Персоналды дамыту басқармасы және құжат айналымы қызметі берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
Toggle Dropdown
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшісімен қол қойылады.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Персоналды дамыту басқармасының жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
Toggle Dropdown
26. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
– тоқсандық баға;
Toggle Dropdown
a – көтермелеу балдары;
Toggle Dropdown
в – айыппұл балдары.
Toggle Dropdown
27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – «қанағаттанарлық», 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – «тиімді», 130 балдан астам – «өте жақсы» қойылады.
Toggle Dropdown
5-тарау. Жылдық бағалау
Toggle Dropdown
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспардың орындалуын бағалау парағын жолдайды.
Toggle Dropdown
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
Toggle Dropdown
30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;
Toggle Dropdown
мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Toggle Dropdown
мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Toggle Dropdown
мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
Toggle Dropdown
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Персоналды дамыту басқармасының жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.
Toggle Dropdown
32. Персоналды дамыту басқармасы «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
– жылдық баға;
Toggle Dropdown
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Toggle Dropdown
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,
Toggle Dropdown
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,
Toggle Dropdown
«тиімді» мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
Toggle Dropdown
«өте жақсы» мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;
Toggle Dropdown
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
Toggle Dropdown
33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – «қанағаттанарлық»; 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – «тиімді»; 5 балл – «өте жақсы» қойылады.
Toggle Dropdown
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
34. Персоналды дамыту басқармасы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес Бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Персоналды дамыту басқармасы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Toggle Dropdown
2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Toggle Dropdown
35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелері қайта қаралсын.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
Toggle Dropdown
36. Персоналды дамыту басқармасы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Персоналды дамыту басқармасының қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.
Toggle Dropdown
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Персоналды дамыту басқармасында сақталады.
Toggle Dropdown
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
38. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, Министрлікке Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Toggle Dropdown
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Министрлік екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолдайды.
Toggle Dropdown
41. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
Toggle Dropdown
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
Toggle Dropdown
42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
Toggle Dropdown
44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілік жоғарылату курстарына жіберіледі.
Toggle Dropdown
45. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
46. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
Toggle Dropdown
47. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
Toggle Dropdown
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Toggle Dropdown
__________________________________ жыл
Toggle Dropdown
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Toggle Dropdown
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)________________
Toggle Dropdown
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
Toggle Dropdown
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Мақсаттық көрсеткіштер*
|
Күтілетін нәтижелер
|
|
1
|
Мақсаттық көрсеткіш 1
|
|
|
2
|
Мақсаттық көрсеткіш 2
|
|
|
3
|
Мақсаттық көрсеткіш 3
|
|
|
4
|
…
|
|
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
* Мақсаттық көрсеткіштер Министрліктің стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Toggle Dropdown
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Toggle Dropdown
|
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
|
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
_____________________ тоқсан _____ жыл
Toggle Dropdown
(бағаланатын кезең)
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(болған жағдайда): _________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
|
Тікелей басшының бағалауы
|
Ескертпе Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
|
|
1
|
|
|
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
|
Бағалау нәтижесі:
|
|
|
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
|
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
«Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
_________________ жыл
Toggle Dropdown
(бағаланатын жыл)
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жеке жоспарды орындау бағасы:
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
Маңызы
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
|
Басшының бағалау нәтижелері
|
Ескерту
|
|
1
|
1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
|
2
|
2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
|
3
|
3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
|
4
|
…
|
|
|
|
|
|
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
|
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
«Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелері
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда
|
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
|
Комиссияның ұсыныстары
|
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерген:
Toggle Dropdown
Комиссияның хатшысы: ________________________ Күні: _____________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)
Toggle Dropdown
Комиссияның төрағасы: ________________________ Күні: ____________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссияның мүшесі: ___________________________Күні: _____________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)