• Мое избранное
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 447 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
2-1-тармақ алып тасталсын;
6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде нысаналы даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.
7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 – 31 шілде кезеңінде жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, докторантураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10-15 тамыз кезеңінде жүргізіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;
3) интернатураны бітіргені туралы куәлікті (резидентураға түсу үшін);
4) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);
5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
8) жеке куәлігінің көшірмесін;
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Докторантураға түсуші адамдар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;
4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);
6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын басқа құжатты тапсырады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Шет тілі бойынша түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Мамандық бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да тапсырады.
Араб тілі бойынша емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.»;
15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да немесе ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Ұқсас мамандықтар бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
16. Мамандық бойынша немесе ұқсас мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары тиісті мамандық бойынша ғылым докторы несесе кандидаты, немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.
Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
17. Шет тілі бойынша түсу емтихандарын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіп сақтауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері қамтамасыз етеді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі.»;
24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Мынадай:
осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша - кемінде 50 балл және мамандығы бойынша - кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша - кемінде 30 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл;
осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқыту тілі бойынша – кемінде 8 балл, екінші тіл* бойынша – кемінде 2 балл, ағылшын тілі (бір дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 3 балл, ағылшын тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 2 балл, оқыту тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 4 балл жинаған тұлғаларды магистратураға, резидентураға, докторантураға қабылдау түсу емтихандарының немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары:
1) ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура үшін – кемінде 150 балл;
2) бейінді магистратура және резидентура үшін – кемінде 130 балл жинаған тұлғалар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.»;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
«29-1. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер өтінішті ЖОО-ға 17 тамызға дейін береді. Өтініште оқуға түсуші мамандық пен білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеден ЖОО-ны көрсетеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға білім алуға арналған конкурсты мамандықтар бөлінісінде Республикалық конкурстық комиссия 22 тамызға дейін өткізеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар кешенді тестілеу сертификатының балдары негізінде беріледі. Кешенді тестілеу нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басым құқық мамандық бойынша тестілеуден ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң білім алуға дайындығын айқындауға арналған тестінің нәтижелері; бұдан әрі – дипломға қосымшадағы GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) (алдыңғы білім деңгейі) және жұмыс өтілі ескеріледі.»;
көрсетілген Үлгілік қағидаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Үлгілік қағидалар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 447 қаулысына
1-қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша
100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

5 балдық бағалау жүйесі

бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанарлықсыз (2)*

0-29

*бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.
  _________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 447 қаулысына
2-қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша
100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсырмалар саны

Тапсыру тілі

Балдар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

бір дұрыс жауап таңдалатын

20

Оқыту тілі

20

8

10

Екінші тіл*

10

2

Мамандық бойынша тест

бір дұрыс жауап таңдалатын

30

Ағылшын тілі

30

3

бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын

10

Ағылшын тілі

20

2

10

Оқыту тілі

20

4

Барлығы

-

80

-

100

19

*егер оқыту тілі қазақ тілі болса, онда екінші тіл орыс тілі, егер оқыту тілі орыс тілі болса, онда екінші тіл тиісінше қазақ тілі болып табылады.
  _________________________________