• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 221 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес  
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11604 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) (бұдан әрі - бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 5, 6, 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев 
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 221 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
1-қосымша
 «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды  технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық  бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Мұнай және газ саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес нысан бойынша өтініші (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі - орындаушы);
4) орындаушы үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы:
рұқсат жобасын дайындайды;
рұқсат жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде рұқсат жобасына қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері рұқсат жобасын тіркейді.
ұсынылған құжаттардың толық еместігі немесе дұрыс еместігі фактілері анықталған жағдайда орындаушы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді;
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) танысқан және салынған бұрыштама;
3) орындаушы;
4) қарастырылған құжаттар топтамасы;
5) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
6) бас тарту туралы дәлелді жауап:
бұрыштама қойылған бас тарту туралы дәлелді жауап;
қол қойылған бас тарту туралы дәлелді жауап;
тіркелген шығыс нөмірі бар бас тарту туралы дәлелді жауап;