• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15430 болып тіркелді

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 28.08.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (07.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз жеткізгіште және электрондық нысандағы көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
1
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді басылымдарда ресми жариялауға жолдауды;
1
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
 ______________А. Мырзахметов
 2017 жылғы «____»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
 _______________Е. Сағадиев
 2017 жылғы «____»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
 ______________Қ. Бозымбаев
 2017 жылғы «____»___________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы № 446
бұйрығымен бекітілген
1. Осы Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелерін реттейді.
2. Өртке қарсы қызмет жеке құрамының негізгі міндеті өртте адамдарды, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін құтқару және өртті жою болып табылады.
3. Негізгі тапсырманы орындау үшін бөлімшелердің жеке құрамы мына құралдарды пайдаланады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.03.2023 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес (21.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өрт сөндіру және авариялық-құтқару автомобильдері, оның ішінде өрт сөндіру мақсаттарына бейімделген автомобильдер;
құралдар – саймандар (механикаландырылған және механикаландырылмаған);
тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (бұдан әрі – ТОЖКҚ);
ғимараттар мен құрылыстарды өртке қарсы қорғау жүйелері;
өртке қарсы сумен жабдықтау көздері (табиғи және жасанды су айдындары, ішкі және сыртқы су құбыры);
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге арналған құралдар мен жабдықтар.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу, төтенше жағдайлар аймағында қалған халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайлар аймағында және әскери іс-қимылдары кезінде қоршаған ортаны қорғау, оқшаулау, басу немесе оларға тән қауіпті факторлардың әсерін мүмкіндігінше ең төмен деңгейге жеткізу бойынша іс-қимылдар;
2) арнайы жұмыстар – арнайы техникалық құралдарды және (немесе) тәсілдерді пайдалана отырып, міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған жеке құрамның іс-қимылы;
3) бағыттаушы арқан – тыныс алуға (түтіндеген) жарамсыз ортада жұмыстарды жүргізу орнынан таза ауаға шығатын жерге дейін, ал қажет болған кезде кері қарай газ түтіннен қорғаушылардың жүру жолдарын белгілеуге арналған құрылғы;
4) бөлімшенің тактикалық мүмкіндіктері – белгілі уақыт ішінде міндетті тиімді орындайтын, техникалық құралдармен жабдықталған жеке құрамның мүмкіндігі;
5) бөлімшелердің шығу ауданы – шығу кестесінде бөлімшенің өрт сөндіруге шақыру бойынша бірінші кезектегі бағыты көрсетілген аумақ;
5-1) өртті сөндіру жетекшісі (бұдан әрі – ӨСЖ) – уәкілетті, жергілікті атқарушы органның және (немесе) кәсіби және салалық өртке қарсы қызметтің өрт орнына келген аға лауазымды тұлғасы;
4-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 28.08.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) газ-түтіннен қорғаушы – тиісті оқытудан өткен және тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізуге рұқсат етілген өртке қарсы қызмет қызметкері;
7) газ-түтіннен қорғау қызметі буыны – қойылған міндеттері мен тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізу үшін бірыңғай басшылығы біріктірілген, өрт болған орында қалыптасқан газ-түтіннен қорғаушылар тобы;
7-1) дамыған өрт-белгіленген кеңістік (тік, көлденең, конструкциялар жазықтығы) шегінде барлық жанғыш беттердің өртке толық қатысу кезеңі);
4-тармақ 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.03.2023 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) жану орнына су беру – өртті жойғаннан кейін жанған конструкциялар мен материалдарды бақылау түрінде бөлшектеу (тексеру) процесіне жалғасатын жану орнын салқындату бойынша іс-қимылдар;
9) жеңқұбыр бөгеуі - жеңқұбыр желісін биіктікте бекітуге арналған құрылғы;
10) жеңқұбыр желісі – өзара аралары қосылған қысымды өрт жеңқұбырлары;
11) жеңқұбыр көпірі - өрт жеңқұбырының үстінен жол көлігі өткен кезде оны бүлінуден қорғауға арналған құрылғы;
12) жиналу және бөлімшеге оралу – өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының өрт орнынан тұрақты орналасу орындарына оралуы бойынша жеке құрамның іс-қимылы;
13) икемді байлам (тіркеуші-арқан) - газ түтіннен қорғаушылардың газ түтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі - ГТҚҚ) буынының құрамында олардың тыныс алуға жарамсыз ортада болған барлық кезеңінде арасын қосуға арналған құрылғы;
14) көбік шашу – бір уақытта бірнеше көбік оқпандарын қолданумен жану аймағына көбікті үздіксіз беру;
15) күштер мен құралдарды өрістету – шығу (өрт) орынға келген өрт сөндіру автомобильдерін өрт сөндіру бойынша міндеттерін орындауға әзірлікке келтіру бойынша жеке құрамның іс-қимылы;
16) күштер мен құралдарды тарту жоспары – аудан деңгейінде өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындайтын құжат;