1. «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.02.2019 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (28.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шикі газды алау етіп жағуға рұқсат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);
2) алты сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы басқарманың жауапты басшысын немесе жауапты жұмыскерді (бұдан әрі – Орындаушы) анықтауы;
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттар толық болмағаны анықталған жағдайда:
орындаушы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мерзімнің ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуға қол қояды.
Осы тармақтағы 1) - 3) тармақшаларда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайды;
4) ұсынылған құжаттар толық ұсынылған жағдайда орындаушы келесі алты жұмыс күнінің ішінде:
ұсынылған мәліметтердің анықтығын тексереді және олардың Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкестігіне тексереді;
ұсынылған құжаттар дұрыс болмаған және олар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
ұсынылған мәліметтердің анық және олар Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, рұқсат жобасы дайындалады;
алты сағаттың ішіде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы рұқсатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға қол қоюды.
Осы тармақтағы 1) - 4) тармақшаларда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының (және) басқарма басшысының бұрыштамасы;
3) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) басқарма басшысы;
4) орындаушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) қарауға беруі;
2) алты сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;
басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда:
орындаушы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мерзімнің ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуға қол қояды.
Осы тармақтағы 1) - 3) тармақшаларда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтыңы портал арқылы жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайды;
4) ұсынылған құжаттар толық ұсынылаған жағдайда орындаушы келесі алты жұмыс күнінің ішінде:
ұсынылған мәліметтердің анықтығын тексереді және олардың Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкестігіне тексереді;
ұсынылған құжаттар дұрыс болмаған және олар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
ұсынылған мәліметтердің анық және олар Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, рұқсат жобасы дайындалады;
алты сағаттың ішіде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары рұқсат жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға қол қояды.
Осы тармақтағы 1) - 4) тармақшаларда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы іс-қимылының қадамдары мен шешімдері (мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен портал арқылы тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (портал арқылы тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
3) 1- үдеріс – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен паролі арқылы порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған өтініш нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4- үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5- үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6- үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7- үдеріс – электрондық рұқсатты (көрсетілетін қызметті алушының өтініші) тіркеу порталында және өтінішті өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
12) 8- үдеріс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қолдану арқылы қалыптастырылады.
11. Осы Регламентке 3-қосымшада оң және теріс жауаптардың шығыс нысандары келтірілген, оған сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылады.
12. Сұрау өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай үлгіде ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алу тарихынан «шығыс құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
13. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны порталдың сall-орталығының телефоны (1414, 8 800 080 7777) арқылы алуға болады.
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне 2-қосымша
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
Шартты белгілер:
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне 3-қосымша
Оң жауаптың шығыс нысаны
Теріс жауаптың шығыс нысаны

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |