1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына 7-қосымша
7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.02.2019 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), қайта ресімделген куәлік, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы Газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) мәліметтерді енгізу, немесе уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған уәжді түрде бас тарту.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.04.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар өтініші (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.04.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда:
1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);
2) үш сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы жауапты басқарма басшысын немесе жауапты жұмыскерді (бұдан әрі – орындаушы) анықтауы;
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он сағаттың ішінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;
4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда профилактикалық бақылауды жүргізу үшін:
орындаушы көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігіне электрондық құжат нысанындағы профилактикалық бақылау жүргізуге сұрау (бұдан әрі – сұрау) дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрауды келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен тексеру жүргізу үшін сұрауға қол қояды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің немесе көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:
аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде сұраудың мазмұнымен танысып, аумақтық бөлімшенің жауапты жұмыскерін тағайындайды;
сұрау келіп түскен кезден бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің қызметкері өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз күннің ішінде өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындысын дайындайды;
6) орындаушы аумақтық бөлімше қорытындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысы келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытындыға талдау жүргізеді;
орындаушы аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің қорытындысын талдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде куәлік жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары куәлік жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы куәлікке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тартуға қол қояды.
Куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда рәсімдердің орындалу ұзақтығы мемлекеттік қызметті алуға өтініш түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде және газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;
2) үш сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты басқарма басшысын немесе орындаушыны анықтауы;
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;
4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;
орындаушы талдауды жүргізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде куәлікті қайта ресімдеу жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары куәлікті қайта ресімдеу жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгерген немесе газ толтыру станцияларының бірінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуі тоқтатылған жағдайларда, егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі рәсімдерді орындау ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайды;
мәліметтерді Тізілімге АЖ арқылы енгізген кезде:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркеуі және оны сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;
2) үш сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы жауапты басқарма басшысын немесе орындаушыны анықтауы;
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;
4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;
орындаушы талдауды жүргізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Тізілімге АЖ арқылы өзгерту енгізеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өзгертілген мәліметтерді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өзгертілген мәліметтерге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.
Тізілімге АЖ арқылы мәліметтерді енгізу кезіндегі рәсімдердің орындалу ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.04.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының (және) басқарма басшысының бұрыштамасы;
3) өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту;
4) сұрау салу (куәлікті беру және қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда);
5) аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің оң немесе теріс қорытындысы (куәлікті беру және қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда);
6) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) басқарма басшысы;
4) орындаушы;
5) көрсетілетін қызмет берушісінің аумақтық бөлімшесі.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.04.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) үш сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;
басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;
4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда профилактикалық бақылауды жүргізу үшін:
орындаушы көрсетілген мерзім ішінде сұрау дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрау келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерімен тексеру үшін сұрауға қол қояды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің немесе көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:
аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде бұрыштама қояды және аумақтық бөлімшенің жұмыскеріне береді;
сұрау келіп түскен кезден бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің жұмыскері өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз жұмыс күнінің ішінде өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындысын әзірлейді;
6) орындаушы аумақтық бөлімше қорытындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысы келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытындыға талдау жүргізеді;
орындаушы аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерінің қорытындысын талдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде куәлік жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары куәлік жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.
Куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда рәсімдердің орындалу ұзақтығы мемлекеттік қызметті алуға өтініш түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде және газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) үш сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;
басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;
4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;
жүргізілген талдаудан кейін орындаушы бір жұмыс күні ішінде қайта ресімделген куәліктің жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта ресімделген куәліктің жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды;
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгерген немесе газ толтыру станцияларының бірінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуі тоқтатылған жағдайларда, егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі рәсімдерді орындау ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайды;
мәліметтерді Тізілімге АЖ арқылы енгізген кезде:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) алты үш ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;
басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
үш сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуға қол қояды;
4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;
орындаушы талдауды жүргізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Тізілімге АЖ арқылы өзгерту енгізеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта ресімделген куәліктің жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.
Тізілімге АЖ арқылы мәліметтерді енгізу кезіндегі рәсімдердің орындалу ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы іс-қимылының қадамдары мен шешімдері (мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7-үдеріс – электрондық рұқсатты (көрсетілетін қызметті алушының өтініші) тіркеу және порталда өтінішті өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын қолдану арқылы қалыптастырылады.
11. Осы Регламентке 3-қосымшада оң және теріс жауаптың шығыс нысандары келтірілген, оған сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылады.
12. Сұрау өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай үлгіде ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алу тарихынан «шығыс құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.04.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 2-қосымша
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
Шартты белгілер:
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.04.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Оң жауаптың шығыс нысаны
Теріс жауаптың шығыс нысаны

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |