Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы № 380
бұйрығына 4-қосымша
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи
газды айдауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Мұнай және газ саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес нысан бойынша өтініші (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі - орындаушы);
4) орындаушы он үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы:
рұқсат жобасын дайындайды;
рұқсат жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде рұқсат жобасына қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері рұқсат жобасын тіркейді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі немесе дұрыс еместігі фактілері анықталған жағдайда орындаушы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) танысқан және салынған бұрыштама;
4) қарастырылған құжаттар топтамасы;
5) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
тіркелген шығыс нөмірі бар мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш:
электрондық тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында әзірленеді;
қағаз тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында әзірленеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қойылады және мөрмен расталады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде орындаушыны таңдауы;
4) орындаушы он үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы:
рұқсат жобасын дайындайды;
рұқсат жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде рұқсат жобасына қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері рұқсат жобасын тіркейді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі немесе дұрыс еместігі фактілері анықталған жағдайда орындаушы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюуы;
көрсетілетін қызметті өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге сұратуын береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы іс-қимылының қадамдары мен шешімдері (мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламенттiң [[1-қосымшасында| келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт - порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс - мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7-үдеріс - электрондық рұқсатты (көрсетілетін қызметті алушының өтініші) тіркеу «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» веб-порталында (бұдан әрі - «Е-лицензиялау») және өтінішті өңдеу;
11) 3-шарт - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс - «Е-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялауда» қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қолдану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті берушінің іс-әрекетінің қадамдары мен шешімдері (қызмет көрсету барысындағы функционалдық іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялауға» логині мен паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
2) 1-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген орындаушысы туралы деректердің дұрыстығын логин мен пароль арқылы «Е-лицензиялауда» тексеру;
3) 2-үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялауда» авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс - көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының осы Регламентте көрсетiлген мемлекеттік қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызметтi көрсетуге арналған өтініш нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) немесе «Заңды тұлғалар» (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорына портал шлюзі арқылы жолдау;
6) 2-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
7) 5-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ / ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс - сұрату нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрату нысанына қосып тіркеуі;
9) 7-үдеріс - өтінішті «Е-лицензиялауда» тіркеу және өңдеу;
10) 3-шарт - рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін қызмет көрсетушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратқан қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялауда» қалыптасқан қызмет қорытындысын (электрондық рұқсат) алуы. Электрондық рұқсат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
12. Осы Регламентке 3-қосымшада оң және теріс жауаптардың шығыс нысандары келтірілген, оған сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылады.
13. Сұрау өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұратуды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай үлгіде ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алу тарихынан «шығыс құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін - сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін - сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
14. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны порталдың call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн
ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдықөзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн
ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн
ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
3-қосымша
2. Теріс жауаптың шығыс нысаны