Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы № 380
бұйрығына 6-қосымша
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 22.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi – көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе лицензия беруге бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар өтініші (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы басқарманың жауапты басшысын немесе жауапты жұмыскерді (бұдан әрі – Орындаушы) анықтауы);
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуға қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайды;
4) ұсынылған құжаттар және мәліметтер толық болған жағдайда профилактикалық бақылауды жүргізу үшін:
орындаушы көрсетілген екі жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша профилактикалық бақылауын жүзеге асыруға сұрау (бұдан әрі – сұрау) дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұраумен келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен тексеру үшін сұрауға қол қояды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесімен көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:
аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде сұраудың мазмұнымен танысып, аумақтық бөлімшенің жауапты орындаушысын тағайындайды;
сұрау келіп түскен сәттен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің қызметкері өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз күннің ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындысын әзірлейді;
6) орындаушы аумақтық бөлімше қортындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысы келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қортындыға талдау жүргізеді;
орындаушы аумақтық бөлімшенің қорытындысын немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысын талдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға қол қояды.
Жоғары тармақшаларда көрсетілген ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу кезінде:
1) портал арқылы келіп түскен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы басқарманың жауапты басшысын немесе жауапты қызметкерді анықтауы;
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгергенде;
заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
«объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;
заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде;
қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгергенде;
орындаушы үш жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын және тиісінше рәсімделуін қарауы;
ұсынылған құжаттар, мәліметтер толық емес және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше рәсімделмегені анықталған жағдайда:
орындаушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
ұсынылған құжаттар, мәліметтер толық және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше рәсімделгені анықталған жағдайда:
орындаушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта рәсімделген жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы қайта рәсімделген лицензияға және (немесе) лицензия қосымшасына қол қояды.
Жоғарғы көрсетілген ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайды;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
орындаушы екі жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттар, мәліметтер толық емес және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше рәсімделмегені, біліктілік талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
ұсынылған құжаттар және мәлеметтер толық болған жағдайда:
орындаушы көрсетілген мерзім ішінде сұрау дайындайды;
басқарма басшысым және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрау келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен тексеру үшін сұрауға қол қояды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесімен көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:
аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде сұраудың мазмұнымен танысып, аумақтық бөлімшенің жауапты орындаушысын тағайындайды;
сұрау келіп түскен сәттен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің қызметкері өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз күннің ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындысын әзірлейді;
6) орындаушы аумақтық бөлімше қортындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысы келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қортындыға талдау жүргізеді;
орындаушы аумақтық бөлімшенің қорытындысын немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысын талдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасын немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта ресімделген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасын не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қайта ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алған кезде:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының (және) басқарма басшысының бұрыштамасы;
3) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;
5) аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің оң немесе теріс қортындысы;
6) мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының (және) басқарма басшысының бұрыштамасы;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту;
4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту не сұрау салу;
5) аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің оң немесе теріс қорытындылары;
6) қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алған кезде:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға қарауға береді;
басқарма басшысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттар және мәліметтер толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді бас тартуға қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайды;
4) ұсынылған құжаттар және мәліметтер толық болған жағдайда профилактикалық бақылауды жүргізу үшін:
орындаушы көрсетілетін екі жұмыс күннің ішінде сұрау дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрау келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерімен тексеру үшін сұрауға қол қояды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесімен көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:
аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе аумақтық бөлімшенің орындаушысына береді;
сұрау келіп түскен сәттен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің қызметкері өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз күннің ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындысын әзірлейді;
6) орындаушы аумақтық бөлімше қортындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысы келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қортындыға талдау жүргізеді;
орындаушы аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысын талдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасының немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасы жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға қол қояды.
Жоғары тармақшаларда көрсетілген ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
1) портал арқылы келіп түскен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтінішті көрсетілетін қызметті беруші қызметкері оны келіп түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;
басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгергенде;
заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
«объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;
заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде;
қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгергенде;
орындаушы үш жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын және тиісінше ресімделуін тексереді;
ұсынылған құжаттар, мәліметтер толық емес және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда:
орындаушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
ұсынылған құжаттар, мәліметтер толық және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделген жағдайда:
орындаушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта рәсімделген жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы қайта рәсімделген лицензияға және (немесе) лицензия қосымшасына қол қояды.
Жоғарыда тармақшаларда көрсетілген ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайды;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
орындаушы екі жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттар, мәліметтер толық емес және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше рәсімделмегені, біліктілік талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
ұсынылған құжаттар және мәлеметтер толық болған жағдайда:
орындаушы көрсетілген мерзім ішінде сұрау дайындайды;
басқарма басшысым және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрау келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен тексеру үшін сұрауға қол қояды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесімен көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:
аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде бұрыштама қояды және аумақтық бөлімшенің жауапты орындаушысына береді;
сұрау келіп түскен сәттен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің жұмыскері өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз күннің ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қортындысын әзірлейді;
6) орындаушы аумақтық бөлімше қортындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысы келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қортындыға талдау жүргізеді;
орындаушы аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің қортындысын талдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасының немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жобасын немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы қайта рәсімделген лицензияға және (немесе) лицензия қосымшасына немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде ресімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдарының тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы іс-қимылының қадамдары мен шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен көрсетілетін қызметті алушы порталда тiркелуді жүзеге асырады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қажетті құжаттардың электрондық түріндегі сұрауын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – көрсетілген қызметке ақыны порталдың төлем шлюзі (бұдан әрі – ТШ) арқылы төлеу, содан соң бұл ақпарат порталына түседі, немесе электрондық (сканерленген) түрдегі түбіртекті тіркеу;
7) 2-шарт – көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін төлем фактісін порталда тексеру;
8) 5-үдеріс – қызмет үшін порталдың ТШ арқылы төленген кезде, порталда көрсетілген қызмет үшін төлемнің болмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның теңтүпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9-үдеріс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды өңдеу;
14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және лицензия беру үшін негіздерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
15) 10-үдеріс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтың болуына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын қолдану арқылы қалыптастырылады.
11. Осы Регламентке 3-қосымшада оң және теріс жауаптардың шығыс нысаны келтірілген, оларға сәйкес мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi ұсынылады.
12. Өтініш өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай үлгіде ұсынылады:
көрсетілетін қызмет алу тарихынан «шығыс құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген AdobeAcrobat форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
13. Қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны порталдың сall-орталығы телефоны: (1414, 8 800 080 7777) арқылы алуға болады.
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен
өндірістерін (көмірсутектер),
мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері
құбырларын пайдалануға арналған лицензия»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін
(көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға
(технологиялық) және (немесе) пайдалануға,
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға
арналған лицензия» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін
(көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға
(технологиялық) және (немесе) пайдалануға,
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға
арналған лицензия» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің регламентіне
3-қосымша
Теріс жауаптың шығыс нысаны