• Мое избранное
«Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына 2-қосымша

2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.02.2019 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (28.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi – теңiз объектілерін құрауға және орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі – Стандарт) өтініші (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);
2) алты сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы басқарманың жауапты басшысын немесе жауапты қызметкерді (бұдан әрі – Орындаушы) анықтауы);
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде өтініштегі деректердің анықтығын (мәліметтер), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және құжаттардағы деректердің (мәліметтер) дұрыс еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген уақыттың ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуға қол қояды.
4) ұсынылған құжаттар толық және өтініштегі деректердің (мәліметтер) дұрыстығы анықталған жағдайда:
өтінішті рұқсат жобасымен қоса (бұдан әрі – сұрау) қорғаныс, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісуге дайындайды;
төрт сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұраумен келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы сұрауға қол қояды.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайды;
5) сұрау келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органдардан оң немесе теріс жауапты алу;
6) орындаушы төрт жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың жауаптарына талдау жүргізеді және мемлекеттік органдардың оң не теріс жауабы болған жағдайда орындаушы рұқсат жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары рұқсат жобасы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы рұқсатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға қол қояды.
Осы тармақтағы 1) - 6) тармақшаларда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап он үш жұмыс күнінен аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының (және) басқарма басшысының бұрыштамасы;
3) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;
4) мемлекеттік органдарға сұрау салу;
5) мемлекеттік органдардың жауабы;
6) мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) басқарма басшысы;
4) орындаушы;
5) мемлекеттік органдар.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері оның келіп түскен күні тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;
2) алты сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға қарауға береді;
басқарма басшысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде өтініштегі деректердің анықтығын (мәліметтер), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық еместігі және өтініштегі деректердің (мәліметтер) дұрыс еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген уақыттың ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуға қол қояды.
4) ұсынылған құжаттар толық және өтініштегі деректердің (мәліметтер) дұрыстығы анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген уақыттың ішінде мемлекеттік органдарға келісуге сұрау дайындайды;
төрт сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұраумен келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы сұрауға қол қояды.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайды;
5) сұрау келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органдардан оң немесе теріс жауапты алу;
6) орындаушы төрт жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың жауаптарына талдау жүргізеді және мемлекеттік органдардың оң немесе теріс жауабы болған жағдайда орындаушы рұқсат жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
алты сағаттың ішінде:
басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары рұқсат жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуды келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы рұқсатқа немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға қол қояды.
Осы тармақтағы 1) - 6) тармақшаларда көрсетілген рәсімдердің орындалу ұзақтығы портал арқылы жүгінген сәттен бастап он үш жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы іс-қимылының қадамдары мен шешімдері (мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшасында келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен портал арқылы тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (портал арқылы тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7-үдеріс – электрондық рұқсатты (көрсетілетін қызметті алушының өтініші) тіркеу және порталында өтінішті өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қолдану арқылы қалыптастырылады.
11. Осы Регламентке 3-қосымшада оң және теріс жауаптардың шығыс нысандары келтірілген, оған сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылады.
12. Сұрау өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай үлгіде ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алу тарихынан «шығыс құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
13. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпараттыжәне консультацияны порталдың сall-орталығының телефоны (1414, 8 800 080 7777) арқылы алуға болады.
«Теңiздегі объектілерді құруға және 
орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
 
Шартты белгілер:
 
«Теңiздегі объектілерді құруға және 
орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
 
Шартты белгілер:
 
«Теңiздегі объектілерді құруға және 
орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтің регламентіне
3-қосымша
Оң жауаптың шығыс нысаны
 
Теріс жауаптың шығыс нысаны