Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы № 380
бұйрығына 3-қосымша
«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 28.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Мұнай және газ саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес нысан бойынша өтініші (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі - орындаушы);
4) орындаушы үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы: рұқсат жобасын дайындайды;
рұқсат жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде рұқсат жобасына қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері рұқсат жобасын тіркейді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі немесе дұрыс еместігі фактілері анықталған жағдайда орындаушы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының екі сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюуы;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) танысқан және салынған бұрыштама;
4) қарастырылған құжаттар топтамасы;
5) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
тіркелген шығыс нөмірі бар мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде орындаушыны таңдауы;
4) орындаушы үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы: рұқсат жобасын дайындайды;
рұқсат жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде рұқсат жобасына қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері рұқсат жобасын тіркейді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі немесе дұрыс еместігі фактілері анықталған жағдайда орындаушы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының төрт сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүргізу тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы сұратуын береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы іс-қимылының қадамдары мен шешімдері (мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған өтініш нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт - порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс - мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7-үдеріс - электрондық рұқсатты (көрсетілетін қызметті алушының өтініші) тіркеу «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» веб-порталында (бұдан әрі - «Е-лицензиялау») және өтінішті өңдеу;
11) 3-шарт - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс - «Е-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялауда» қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қолдану арқылы қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
12. Осы Регламентке 3-қосымшада оң және теріс жауаптардың шығыс нысандары келтірілген, оған сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылады.
13. Сұрау өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай үлгіде ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алу тарихынан «шығыс құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін - сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін - сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
14. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны порталдың call-орталығының телефоны (1414, 8 800 080 7777) арқылы алуға болады.
«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын
немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
- Бастапқы хабарлама
- Аяқтаушы хабарлама
- Аяқтайтын қарапайым оқиға
- Қате
- Ақпараттық жүйе
- Үдеріс
- Шарт
- Басқару ағымы
- Хабарламалар ағыны
- Түпкілікті пайдаланушыға ұсынылатын электрондық құжат
«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын
немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының рәсімі (іс-қимылы);
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану
ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
|
[УО атауы
(мемлекеттік тілде)]
УО реквизиттері мемлекеттік тілде
|

|
[УО атауы
(орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде
|
|
Теңізде іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға
РҰҚСАТ БЕРУ ҚҰЖАТЫ
|
|
Тіркеу нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілді:
БСН:
орналасқан мекен-жайы:
|
Берілген күні: [РҚ берілген күні]
[Жер қойнауын пайдаланушының атауы]
[БСН]
[мекенжайы]
|
|
Осы рұқсат беру құжаты теңізде іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға құқығын береді.
|
|
|
[Қол қоюшының лауазымы]
|
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]
|
|

|
|
Теріс жауаптың шығыс нысаны
|
[УО атауы
(мемлекеттік тілде)]
УО реквизиттері мемлекеттік тілде
|

|
[УО атауы
(орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде
|
|
Бас тарту туралы дәлелді жауап
|
|
Берілген күні: [РҚ берілген күні]
|
[Өтініш берушінің атауы]
|
|
[УО атауы], Сіздің теңізде іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға [өтініш берген күн] № [өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарап шығып, рұқсат беруден бас тартатынын хабарлайды.
[Бас тарту себебі].
|
|
[Қол қоюшының лауазымы]
|
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]
|
|

|
|