Toggle Dropdown
Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 15358 болып тіркелді
Редакция 11.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 346 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11277 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 23 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 345 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары
1. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиацияның (бұдан әрі – ИКАО) метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленді.
1) азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамсыз етуді ұйымдастыру;
2) метеорологиялық бақылаулар мен мәліметтер жүргізу және беру;
3) әуе кемелерінің бортынан бақылаулар мен мәлімдеулерді жүргізу және беру;
4) авиациялық ауа райы болжамдарын жүргізу және беру;
5) SIGMET және AIRMET ақпаратын, қауіпті метеорологиялық жағдайлар мен ауа райы құбылыстары туралы ескертулер, әуеайлақ бойынша ескертулер, желдің ұйытқуы туралы ескертулер мен хабарламалар жүргізу және ұсыну;
6) әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық қамтамасыз ету;
7) әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі және аэронавигациялық ақпарат қызметтері үшін ақпарат ұсыну;
8) метеорологиялық ақпарат тарату кезінде байланыспен қамтамасыз ету және оны пайдалану;
9) авиациялық климатологиялық ақпарат жүргізу және ұсыну тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен бастап тігінен қашықтық биіктік бойынша нүкте орнына алынған нүкте немесе объектінің деңгейіне дейінгі қашықтық;
2) авиациялық тіркелген қызмет – аэронавигацияның қауіпсіздігін, сондай-ақ ең бастысы әуе қатынастардың тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген тіркелген пункттердің арасындағы электр байланысының қызметі;
3) авиациялық тіркелген электр байланысының желісі – авиациялық тіркелген қызметтің бөлігі болып табылатын және байланыс немесе баламалы сипаттамадағы авиациялық тіркелген станциялардың арасында хабарлар және (немесе) цифрлық деректермен алмасуды көздейтін авиациялық тіркелген тізбектердің дүниежүзілік желісі;
4) авиациялық жұмыстар – басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты азаматтық әуе кемелерін пайдалану арқылы пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;
5) авиациялық метеорологиялық станция – халықаралық аэронавигацияда пайдалануға жататын метеорологиялық мәліметтерге бақылау және жинақтау жүргізуге арналған станция;
6) авиациялық пайдаланушы – метеорологиялық ақпаратты авиациялық мақсатта пайдаланатын пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі органдары, әуежайлардың әкімшіліктері және басқа ұйымдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) адам факторы аспектілері – жобалау, сертификаттау, кадрларды даярлау процестеріне, авиациядағы техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметіне қолданылатын және адам мүмкіншілігін тиісті есепке алу арқылы адам мен жүйенің басқа да компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
7-1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
8) GAMET аймақтық болжам – метеорологиялық өкілетті орган белгілеген және метеорологиялық өкілетті орган арасындағы келісім бойынша ұшу ақпаратының көршілес аудандарының әуеайлақтық метеорологиялық аудандарына берілетін, ұшу ақпаратының ауданына немесе әуеайлақтық метеорологиялық органның оның қосалқы ауданына қолданатын, кіші биіктікте ұшулар үшін қысқартулармен ашық мәтінмен жасалған болжам;
9) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі – аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарының маршруттары бойынша авиациялық метеорологиялық болжамдарды біркелкі стандартталған нысанда ұсынуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік жүйе;
10) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығы – мемлекеттерге тікелей авиациялық тіркелген қызметтер шегінде Интернетті қолдануға негізделген қызметті қолдану арқылы әлемдік ауқымда цифрлы нысанда биіктік болжамдарын, ауа райының ерекше құбылыстарының болжамын дайындау және таратуға арналған метеорологиялық орталық;
11) арттыру – теңіздің орташа деңгейінен жер үстінің немесе сонымен байланысты объектінің нүктесі немесе деңгейінің тік бойынша ара қашықтығы;
12) аспаптар бойынша ұшу ережесі – әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары тарапынан міндетті бақылау мен әуе кемелері арасында белгіленген эшелондау интервалдарын олардың қамтамасыз етуі кезінде пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша ұшудың орындалуын көздейтін ереже;
13) аэронавигациялық ақпараттар жинағы – мемлекет рұқсат еткен немесе шығарылған аэронавигация үшін маңызды ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын жарияланым;
14) аэронавигациялық қызмет көрсетуші – әуе қозғалысын ұйымдастыруды және (немесе) басқа аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
15) әуеайлақ – әуе кемелерінің толықтай немесе ішінара келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір жер немесе су бетінің учаскесі (ғимараттарды, құрылыстар және жабдықтарда қоса алғанда);
16) әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағы) ауданы – көлденең және тiк жазықтықтың шекараларында белгiленген жергiлiктi жерге iргелес орналасқан және әуеайлақтың үстiнде анықталған әуе кеңістiгi;
17) әуеайлақтық диспетчерлік пункт – әуеайлақтық қозғалыстың диспетчерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету арналған орган;
18) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орнын анықтайтын нүкте;
19) әуеайлақтың биік жері – қону алаңының ең жоғары нүктесінен асу;