• Мое избранное
Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15427 болып тіркелді

Редакция 24.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 жылғы № 369 Бұйрығына сәйкес (04.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Әуе кемелерінің пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10605 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған);
2) «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 818 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14580 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қантарда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 420 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 08.11.2024 жылғы № 369 Бұйрығына сәйкес (04.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар аэронавигациялық ақпарат өнімдерінде жарияланатын өңделген аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) негізінде жасалған, әртүрлі ақпаратты/деректерді (электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштегі мәтіндік және/немесе картографиялық түрде) беретін жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылмайды, оларды беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің аэронавигациялық ақпарат қызметі қамтамасыз етеді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
2-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 жылғы № 839 Бұйрығымен (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2019 жылғы № 397 Бұйрығымен (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2021 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (14.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;
2) схеманың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі - кедергілерден ұшып өтудің ең аз абсолюттік/салыстырмалы биіктігінде немесе ол белгіленген жерден жоғары ұшу схемасының тік профилін айқындау кезінде пайдаланылатын жарияланған абсолюттік / салыстырмалы биіктік;
3) авиациялық белгіленген қызметі - негізінен аэронавигацияның қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған белгілі бір тіркелген пункттер арасындағы электр байланысы қызметі;
4) ақпараттық өнімнің сипаттамасы - деректер массивінің немесе деректер массивтерінің жиынтығының егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ оларды құруға, екінші тарапқа қоюға және екінші тараптың пайдалануына мүмкіндік беретін қосымша ақпарат;
5) ауысу нүктесі - әуе кемесі барлық жаққа бағытталған ӨЖЖ-радиомаяктарға бағдардың көмегімен айқындалатын әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутының учаскесі бойынша ұшқан кезде негізгі навигациялық бағдарды әуе кемесінің артындағы құралдан оның алдындағы келесі құралға ауыстыру күтілетін нүкте;
6) адами фактордың аспектілері – жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
7) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
8) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі – нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың (аэронавигациялық деректердің) ұсынылуына жауапты;
9) аэронавигациялық ақпараттар жинағы – аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасы шығарған немесе бекіткен жарияланым;
10) аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша – аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда ұсынылатын уақытша өзгерістер;
11) аэронавигациялық ақпараттар жинағында жасалатын түзетулер – аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;
12) аэронавигациялық ақпараттың циркуляры – NОТАМ шығаруды немесе оны аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;
13) аэронавигациялық ақпараттың электрондық жинағы – электрондық тасушыда немесе компьютер экранында бейнелеуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін форматтағы интернет-ресурс арқылы берілетін аэронавигациялық ақпарат жинағы;
14) аэронавигациялық деректер – аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;
15) аэронавигациялық карта – аэронавигация үшін арнайы тағайындалған жер бетінің учаскесі, оның бедері және жасанды құрылыстары бейнеленген шартты бейне;
16) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісі – әуе қозғалысын ұйымдастыруды және (немесе) басқа аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
17) деректер ажыратымдылығы – қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;
18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
19) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
20) аймақтық навигация – әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша жер үсті немесе спутниктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіндік беретін навигация әдісі;
21) аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі – аспаптық метеорологиялық жағдайларда пайдаланылуға тиісті және әдетте паралельдермен және меридиандармен айқындалатын белгіленген аймақ шегіндегі кедергілердің үстінен ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктік;
22) ақпарат өнімі – деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;
23) аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы – кедергілермен соқтығысуды болдырмауды көздейтін белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін нүктеге дейін, ал егер қону орындалмаған болса, күту аймағында немесе маршрутта кедергілердің үстінен ұшып өту өлшемшарттары қолданылып басталатын нүктеге дейін пилотаждық аспаптар бойынша орындалатын алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;
24) асып кету – тік бойынша теңіздің орта деңгейінен жер бетінің немесе онымен байланысты объектінің нүктесіне немесе деңгейіне дейінгі арақашықтық;
25) әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі – радиусы 46 километр (25 теңіз мильдер) айналым доғасы жармасында орналасқан барлық объектілердің үстінен 300 метр (1000 фут) болатын ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін, орталығы қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінде немесе, егер қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі жоқ болса, осы доғаның ұштарын қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесімен қосатын тура сызықтармен шектелген қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесінде болатын ең аз абсолюттік биіктік;
26) әуемен жүріп-тұруға арналған маршрут - тікұшақтардың әуемен жүріп-тұруының белгіленген маршруты;
27) әуеайлақ – әуе кемелерінің толық немесе ішінара келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған жер немесе су бетіндегі (кез келген ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды қоса алғанда) белгіленген учаскесі;
28) әуе трассасы – дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);