2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15473 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-225/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде бір данада оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін мерзiмдiк баспасөз басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8576 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» № 8 (28232) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.01.2018 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кезек күттірмейтін медициналық көмек (бұдан әрі - ККМК) – пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;
2) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;
3) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек.
2-тарау. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі
3. «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «103» нөміріне қоңырау соғады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.
4. Азаматтардың денсаулық жағдайы бұзылған кезде ЖМКС диспетчері «103» пультінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шақыруларды қабылдау, өңдеу және беру алгоритміне сәйкес барлық шақыртуларды қабылдайды. Шақыртуларға жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізілетін, ЖМК диспетчері шақыртуды алған сәттен бастап қызмет көрсету үшін ЖМК бригадасына бергенге дейін шақыртуды өңдеу уақыты бес минутты құрайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жедел медициналық көмекті құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалған фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалар көрсетеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. ЖМК бригадасы ЖМКС ауысымының аға дәрігеріне бағынады.
7. Ауылдық елді мекендерде ЖМК шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМКС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.
8. ЖМКС диспетчері қабылдаған шақыртулар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) 1 (бірінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі;
2) 2 (екінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
3) 3 (үшінші) жеделділік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
4) 4 (төртінші) жеделділік санатындағы шақырту – жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.
9. 1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМКС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.
10. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің (бұдан әрі – МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі) фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.
11. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың ЖМКС диспетчерінен шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-жеделділік санаты – он минутқа дейінгі;
2-жеделділік санаты – он бес минутқа дейінгі;
3-жеделділік санаты – отыз минутқа дейінгі;
4-жеделділік санаты – алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.
12. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалары тіркелген халыққа және МСАК қызмет көрсету аймағындағы адамдарға тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді.
13. 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі деңгейінде қызмет көрсетіледі. Жиырма мың адамнан кем тіркелген халқы бар МСАК ұйымдарында 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-қосымшасының 15-тармағына сәйкес осы қызметті жедел медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субъектілеріне аутсорсингке беру арқылы жол беріледі.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. ЖМКС бригадаларының және МСАК жанындағы ЖМК қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төнген кезде шақыртуға қызмет көрсету, аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда ЖМК бригадаларының қызметкерлері рация және (немесе) мобильдік байланыс арқылы диспетчерлік қызметті ЖМКС бригадалары және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелері өмірі мен денсаулығына төнген қауіптер туралы хабардар етеді. Шақыртуға одан әрі қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
15. Тексеріп-қарау, аспаптық диагностика, мамандардың консультациясы, осы жағдайлардың себептері көрсетілетін алдын ала диагноздарға сәйкес жүргізілген емдік іс-шаралардың аясында немесе одан кейін пациент жағдайы динамикасының нәтижелері бойынша ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
пациентті стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационар) медициналық ұйымға тасымалдау;
пациентті шақырту орнында қалдыру;
пациентті үйде қалдыру (тұрғылықты жері бойынша).
16. Емдеуге жатқызуды қажет етпейтін пациент шақырту орнында немесе үйде қалдырылған жағдайда ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі оған одан әрі жүгіну үшін (тұрғылықты жері немесе бекітілуі бойынша) МСАК ұйымына медициналық ұсыныстар ұсынады.
17. Пациент ауырған және пациенттің үйіне учаскелік дәрігердің белсенді баруы қажет болған жағдайда, ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бригадасының фельдшері немесе дәрігері МСАК ұйымына ақпаратты (активті) ұсынады және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 907 бұйрық) № 110-1/е нысаны бойынша дабыл парағын толтырады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационарға тасымалдау туралы шешімді қабылдаған жағдайда ЖМКС диспетчерлік қызметі стационардың қабылдау бөлімшесін пациенттің келіп жеткендігі туралы хабардар етеді.
19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Пациентті стационарға тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікте оны алып жүруге (бір адамнан көп емес) рұқсат етіледі.
21. ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері № 907 бұйрықпен бекітілген № 110/е нысаны бойынша шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадасының шақырту картасында пациентті жеткізу уақытын белгілейді.
22. Стационарға келуіне қарай ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне № 907 бұйрықпен бекітілген № 114/е нысаны бойынша жедел медициналық көмек станциясының ілеспе парағын тапсырады.
23. Пациентті бергеннен кейін ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері ЖМКС диспетчерін шақыртудың аяқталғаны туралы хабардар етеді.
24. ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадасының стационардың қабылдау бөлімшесінде болу уақыты жаппай жарақаттанулар, уланулар кезінде жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, оның стационарға келген сәтінен бастап 10 минуттан аспауы (пациентті қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне беруге арналған уақыт) тиіс.
25. Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесі жұмысын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұйымдастырады.
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26. ЖМК бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіне бергеннен кейін мейіргер бірінші кезекте шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндерді алға тарта отырып, келіп түскен пациенттерді топтарға (Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу) бөледі.
27. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді.
28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.
29. Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.
30. Бірінші топтың пациенттері қарқынды терапия палатасына келіп түседі, мұнда реаниматолог жедел медициналық жәрдем мамандары жүргізген реанимациялық көмек көрсетуді жалғастырады. Шұғыл операция жасалған жағдайда реаниматолог жалпы наркозды, өңірлік анестезияны, қабылдау бөлімшесінің операция бөлімінің жағдайында жергілікті анестезия жүргізеді, одан әрі пациенттің оянуы үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне тасымалдайды.
30-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31. Жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге емделуге жатқызылады.
32. Инфекциялық ауруларға қаупі бар пациент жай-күйіне мониторинг жүргізу және науқасты одан әрі қадағалау тәсілін анықтау үшін боксқа орналастырылады. Пациенттер жаппай келіп түскен жағдайда инфекциялық ауруларға күдігі бар пациенттерді дұрыс бөлу үшін (жіті респираторлық вирустық инфекция және ішек аурулары) қарап-тексеру кабинеттерінің бірі инфекциялық бокске қайта бейінделеді.
33. Пациентті стационарға емдеуге жатқызған кезде мейіргер № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді.
34. Стационарға емделуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК жағдайында емделу туралы нұсқаулықтар береді. Бір уақытта мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне ауру жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге № 907 бұйрықпен бекітілген № 110-1/е нысан бойынша белгі парағын дайындайды.
35. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМК бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына дейін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына сәйкес ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық сигналды (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маякты іске қосады.
36. Халықтың жүгінуін ескеріп, бір санитариялық автокөлік 10 мың және одан аз халықтың есебінен енгізіледі. Санитариялық автокөлік радиобайланыс және навигациялық жүйемен жабдықталады.
37. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадаларымен жедел медициналық көмек көрсету бригадасыны пациент орналасқан жерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін МСАК-тың медициналық көмек ұйымының мамандандырылмаған жеңіл автокөлігін пайдалануды көздейді.
38. Облыстық ЖМКС құрылымына білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық автокөлікпен тасымалдауға байланысты ЖМК және медициналық көмек көрсететін ЖМК станциясы, ЖМК кіші станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және санитариялық авиация бөлімшелері кіреді. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрылымына ЖМК станциясы және ЖМК кіші станциясы кіреді.
38-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 38-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен, ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.
39-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ЖМКС шақыруларды қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен, сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушымен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.
40-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
41-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 41-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сондай-ақ, сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында ЖМКС мамандары мобильді камералармен жарақтандырылады.
42. Төтенше жағдай режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС:
42-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және «Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде әрекет етеді;
2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою жөніндегі ЖМК бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;
3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау іс-шараларын өткізеді;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсету үшін жүгінген немесе жеткізілген оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл ұсынады.
43. Зардап шеккендер саны 3 және одан да көп адам болатын төтенше оқиға кезінде төтенше жағдай орнына бірінші келген ЖМК бригадасы бірінші кезекте медициналық іріктеуді жүзеге асырады.
Осы Қағидалар 43-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Медициналық іріктеу (триаж) нәтижелері бойынша ЖМК бригадасы зардап шеккендерді бұдан әрі көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға тасымалдаумен, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
44. ЖМКС және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелерінің мамандары: «Базалық реанимация» – Basic Life Support (BLS), «Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» – Advanced Cardiac Life Support (ACLS), «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» – Pediatric Advanced Life Support (PALS), «Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету» – Prehospital Trauma Life Support (PHTLS), «Неонаталдық реанимация» – Neonatal Resusсitation Program (NRP) жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық танылған стандарттары бойынша оқытудан өтеді. Практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі облыстық және қалалық жедел медициналық көмек станциялардың мамандары облыстық және қалалық ЖМКС базасында симуляциялық кабинеттер ұйымдастырады.
Осы Қағидалар 44-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 44-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Симуляциялық кабинет оқу-көрнекі құралдармен, пән бойынша практикалық сабақтарға арналған құрылғылармен және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес симуляциялық жабдықтардың ең төменгі тізбесімен жарақталады.
45. Ауыл халқына жедел медициналық көмек қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жету қиын елді мекендерде (жол жабындыларының болмауы, таулы жер), медициналық көмекке қол жеткізуден алыс учаскелерде облыстық ЖМКС қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылуы мүмкін.
Осы Қағидалар 45-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
46. Медициналық персоналдың жедел жұмысын қамтамасыз ету, санитариялық автокөлік пен медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында санитариялық автокөлік мынадай кластарға бөлінеді:
Осы Қағидалар 46-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
А клаcы: емдік-іс-шараларды жүргізуге және медицина персоналдарының алып жүруімен алдын ала болжам бойынша шұғыл емес пациенттерді тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік;
В класы: дәрігерлік (фельдшерлік) бригадалар күшімен жедел медициналық көмектің емдеу іс-шараларын өткізуге, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдауға және жағдайына мониторинг жүргізуге арналған санитариялық автокөлік;
С класы: мамандандырылған бригаданың күшімен реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге, сондай-ақ пациенттерді санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдауға арналған жедел медициналық көмек көлігі (реанимобиль).
47. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы бар бос санитариялық автокөлік жүзеге асырады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Осы Қағидалар 47-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
48. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатта пайдалануға рұқсат берілмейді. ЖМКС бірінші басшысы осы тармақтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Осы Қағидалар 48-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
49. Санитариялық авиация бөлімшесі санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейде медициналық қызметтер көрсетеді.
Осы Қағидалар 49-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Санитариялық авиация бөлімшесінің санитариялық көлігін пайдалану негіздері:
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін) білікті мамандарды жеткізу болып табылады;
мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін аудандық деңгейдегі медициналық ұйымнан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымға пациентті(терді) тасымалдау;
әуе кемесінде жедел өтінімді орындау кезінде пациентті (терді) және санитариялық авиацияның мобильді бригадасын (САМБ) әуежай мен медициналық ұйым арасында санитариялық автокөлікпен тасымалдау;
ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен транспланттау үшін тиісті медициналық ұйымға жеткізу.
50. Санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан медициналық қызметке өтінімді қабылдайды және санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігеріне береді.
Осы Қағидалар 50-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
51. Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігері:
Осы Қағидалар 51-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
келіп түскен өтінімді, пациенттің медициналық құжаттамасын зерделейді;
медициналық қызметтің көлемін анықтайды;
пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес САМБ құрамын қалыптастырады;
кейіннен транспланттау үшін білікті мамандарды (САМБ), пациентті (терді), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді, биоматериалдарды санитариялық автокөлікпен тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады.
52. ЖМКС және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелерінің мамандарын оқыту тиісті стандарттар бойынша ресми оқу материалдарын пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі сертификаты бар нұсқаушыларды және (немесе) жаттықтырушыларды тарта отырып жүргізіледі. Оқудан өткен мамандар осы стандарттарды әзірлейтін халықаралық ұйым базасында тіркеу нөмірін бере отырып, халықаралық танылған сертификаттарды алады.
Осы Қағидалар 52-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
53. Көшпелі бригадалардың жүргізушілері және кіші медицина персоналдары халықаралық стандарттарға сәйкес әрбір екі жыл сайын тиісті сертификат ала отырып базалық реанимация және алғашқы көмек көрсету - Basic Life Support (BLS) дағдыларына оқытудан өтеді. Көшпелі бригадалардың жүргізушілері қосымша қауіпсіз жүргізу бойынша оқытудан өтеді.
Осы Қағидалар 53-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
54. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ЖМК көрсететін медициналық ұйымдардың санитариялық автокөліктерінде «103», «Скорая медицинская помощь», «Медициналық жедел жəрдем», «Medisinalyq jedel járdem» және «Ambulance» жазулары бар.
Осы Қағидалар 54-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
55. Түсті-графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс дабылдары мемлекеттік заңды тұлғаларға жататын және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің ЖМК санитариялық автокөлігіне салынады.
Осы Қағидалар 55-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
56. Қалалық автокөлік қозғалысы анағұрлым көбейген уақытта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМК қосымша бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылады. Қоғамдық іс-шараларды өткізу және өзге де жағдайлар кезінде халыққа қызмет көрсету үшін кезекшілік шарт негізде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалар 56-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
57. ЖМК бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей шақыруға қызмет көрсетеді.
Осы Қағидалар 57-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Осы Қағидалар 3-тараумен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қызметті берушінің басшысының атына, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының www.emcrk.kz интернет-ресурсына немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі -Министрлік) www.dsm.gov.kz интернет-ресурсына, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, № 5 кіреберіс мекенжайына шағым жасау жолымен жасалады.
Шағымның қабылданғанын растау оны қызметті берушінің, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін қызметті берушінің, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды тіркеу күні оны қарау мерзіміне кірмейді. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
59. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша
Осы Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызмет стандарты
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері. |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Денсаулық сақтау субъектілері. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі. Жедел медициналық көмекті шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін). |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жедел медициналық көмек көрсету. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
Тәулік бойы |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер 1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы; 2) пациенттің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиғаның, жарақаттанудың немесе аурудың мән-жайлары; 3) мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан жеріне жол жүру жөніндегі болжамды деректер. |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көзделмеген. |
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Денсаулық жай-күйінің бұзылуы жағдайында азаматтардың барлық шақыртулары «103» нөмірі бойынша қабылданады. |
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша
Осы Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі алгоритм
1. «103» пультіне шақырту түседі.
2. Тұтқаны диспетчер көтереді, ол:
1) қысқаша сәлемдеседі (өзінің қызметтік нөмірін, болмаған жағдайда – өзінің тегін айтады);
2) шақыртудың нақты мекенжайын және байланыс телефонын айқындайды;
3) көшедегі пациентке шақырылған жағдайда жалпыға белгілі бағдарларды (көшелер қиылысы, әкімшілік ғимараттар) нақтылайды;
4) байланыс телефонымен (қала, ұялы) жедел көмекті шақырушының деректерін нақтылайды;
5) шақырушыға сауал қояды: пациенттің жай-күйі және ауру жағдайлары немесе жазатайым оқиға жағдайлары туралы қысқаша деректер;
6) егер шақырушыға пациенттің немесе зардап шегушінің төлқұжат деректері белгісіз болса, оның жынысын, шамамен жасын көрсетеді;
7) шақырту себебін айқындайды;
8) шақыртуды жазып, шақырушыға шақыртуды қабылдау уақытын және екінші рет өзінің қызмет нөмірін, Т.А.Ә (болған кезде) хабарлайды.
3. Диспетчер шақыртуды қабылдағаннан кейін шақырушыға мынадай нұсқаулар береді:
1) ЖМК бригадасына пациентке немесе зардап шегушіге кедергісіз жол жүру және қолжетімділікті қамтамасыз ету;
2) ЖМК шақырылған бригадасын пәтерге (жеке секторға) кірер жерде немесе кіреберісте қарсы алуды ұйымдастыру;
3) медициналық көмек көрсету және стационарға тасымалдау үшін қажетті жағдайлар жасау.
4. Шақыртуды қабылдағаннан кейін диспетчер қойылған сұрақтарға толық жауап алып, мекенжайды қайталайды және шақырушыға: «Сіздің шақыруыңыз қабылданды, күтіңіз», - деп жауап береді.
5. Жиналған ақпаратты диспетчер шақыртуларды АБЖ тіркейді, ол автоматты түрде уақыт хронометражын (шақыруларды қабылдау, беру және шақыртуға ЖМК бригадасының шығу уақыты), диспетчердің Т.А.Ә (болған кезде) жазып, шақыртудың реттік нөмірін белгілейді.
6. Диспетчер жедел жағдайды ескере отырып, жақын маңдағы бос ЖМК бригадасына дереу шақырту жібереді.
7. ЖМК-ның бос бригадалары болмаған кезде келіп түскен шақырту күтуге кейінге қалдырылады, содан кейін босаған ЖМК бригадасына беріледі.
8. 1 – 2-жеделділік санаттағы шақыртулар келіп түскен және ЖМК бос бригадасы болмаған кезде жеделділік санаты бойынша төмен шақырту жеделділік санаты бойынша жоғары шақыртуға қызмет көрсету үшін алынады (күту режиміне ауысады).
9. Шақыртуды кешіктірген жағдайда және шақырушының қайталап шақыртулары кезінде пациентті күтілетін кешігу немесе ЖМК/МСАК жанындағы ЖМК бригадасының шығуын күту туралы хабарлауға, ЖМК бригадасы келгенге дейін нұсқаулықтарды беруге міндетті.
10. Пациенттің өміріне қауіп төнетін жағдайлар кезінде диспетчер «Шақыртуды ұстап тұру» режиміне көшеді.
11. Шақыртуды қабылдау жөніндегі диспетчер шақыруды АБЖ бағдарламасында қоңырауды ұстап қалу кезеңі тіркелген негізгі картаның нөмірі көрсетілген қосымша консультация беру картасын жасайды.
12. Ең көп түсу кезеңінде шақырту келіп түскен кезде (сағат 18-00-ден 00-00-ге дейін) шақыртуға үздіксіз қызмет көрсетуді сақтау үшін диспетчер шақыртуларды ЖМК бригадасының шығу және келу уақытының нормативіне сәйкес аумақтық учаске бойынша оңтайлы бөлуді жүргізеді.
13. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМК диспетчерлік қызметінің басшылығы мен аға дәрігері бақылайды.
14. Шақырту ЖМК бригадасымен қызмет көрсетуге жатпайтын жағдайларда, диспетчер МСАК-ға жүгінуге кеңес береді немесе дәрігердің пациентке белсенді келуі үшін оның жұмыс сағатында МСАК ұйымына шақыртуды қайта жібереді. МСАК жұмыс уақытынан тыс диспетчер шақыртуды 4 –жеделділік санаты ретінде анықтайды және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің бригадасына шақыру жібереді.
15. Егер шақырту өртпен, апатпен және (немесе) басқа да ТЖ байланысты болса (криминалдық сипатты қоса алғанда) диспетчер диспетчерлік қызметтің аға дәрігеріне, ЖМКС басшылығына (бекітілген хабарландыру сызбасы бойынша) және жедел қызметтерге («101», «102», «104», «112») баяндауға міндетті.
16. Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчер әдептілік ережелерін сақтай отырып, сыпайы түрде диалог жүргізеді, барынша мұқият болады, қажетті сұрақтарды нақты қояды және шақыртуды тіркеу картасын дұрыс толтыру үшін толық жауаптарға қол жеткізеді.
17. Диспетчер мен шақырушы арасындағы барлық телефон әңгімелері компьютерде электрондық жазба нұсқасында кемінде 2 жыл сақталады.
18. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМК диспетчерлік қызметінің бастығы мен аға дәрігері бақылайды.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы
1. Фельдшерлік бригаданың құрамына:
екі фельдшер
жүргізуші кіреді.
2. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына:
дәрігер;
фельдшер;
жүргізуші кіреді.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі
Санаттың сипаттамасы |
Коды |
Шақыртудың себебі |
1 |
2 |
3 |
1- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін) |
||
Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі |
1.1 |
Есінен тану (кез-келген генез) |
1.2 |
Тыныс алуының тоқтауы |
|
1.3 |
Жүрек қызметінің тоқтауы |
|
1.4 |
Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене |
|
1.5 |
Шок |
|
1.6 |
Құрысқақ |
|
1.7 |
Кеуде қуысындағы ауырсыну |
|
1.8 |
Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған) |
|
1.9 |
Әртүрлі этиологиядағы психоз |
|
1. 10 |
Қан кетумен көптеген зақымданулар мен жарақаттар |
|
1. 11 |
Қан кетумен жарақат |
|
1. 12 |
Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын) |
|
1. 13 |
Ауқымды күйік пен үсік |
|
1. 14 |
Жануарлар мен жәндіктердің шағып алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі) |
|
1. 15 |
Электрожарақат |
|
1. 16 |
Қан құсу |
|
1. 17 |
Асқынулары бар босанулар |
|
1. 18 |
Бұдан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау |
|
|
1. 19 |
Төтенше жағдайлар (жарылыстар, өрттер, су тасқындары және т.б. ) |
2- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін) |
||
Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі |
2.1 |
Теракт қаупі бар орынында шақырту |
2.2 |
Одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы |
|
2.3 |
Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары (бронх демікпесі, аллергия, кардиологиялық науқас, улану және басқалар) |
|
2.4 |
Жүрек ритмінің бұзылуы |
|
2.5 |
Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок дамуының жоғары қаупі (криз) |
|
2.6 |
3 жасқа дейінгі балалардағы 38º С жоғары температура |
|
2.7 |
Жоғары температура жағдайындағы бөртпе |
|
2.8 |
Қан кетумен оқшауланған жарақат |
|
2.9 |
Улы заттармен улану |
|
2. 10 |
Атипиялық аурулар. (жіті коронарлық синдромға күдіктену) |
|
2. 11 |
Жүкті әйелдердің бас ауруы |
|
2. 12 |
Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс |
|
3- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін) |
||
Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі |
3.1 |
Қан кетусіз оқшауланған жарақат |
3.2 |
Іштің ауруы (қатты іш) |
|
3.3 |
Өз бетінше түспейтін жоғары температура |
|
3.4 |
Бұқаралық іс-шаралар кезіндегі кезекшілік |
|
3.5 |
Физиологиялық босанулар |
|
3.6 |
Жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі) |
|
3.7 |
Балалардағы шектелген күйік пен үсу. |
|
4- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін) |
||
Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі |
4.1 |
Өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы |
4.2 |
Терінің және теріастының жіті қабынған аурулары |
|
4.3 |
Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара) |
|
4.4 |
Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы |
|
4.5 |
Құсу + тамақтан уланудан туындаған сусыздану белгілерімен сұйық нәжіс |
|
4.6 |
Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін) |
|
4.7 |
Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы |
|
4.8 |
Қан аралас несеп |
|
4.9 |
Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары |
|
4. 10 |
Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер |
|
4. 11 |
МСАК немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар |
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 5-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру»
1. Қабылдау бөлімшесі – пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызуды жүзеге асырылатын медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін бос кірме жолдар орнатылады және пациенттің медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін қабылдау бөлімшесіне еркін қол жеткізуі (жеткізуі) қамтамасыз етіледі (табалдырықтың болмауы, бос лифтілер, ашық есіктер).
3. Бөлімшенің негізгі қызметтері:
тәуліктік режимде шұғыл медициналық көмек көрсету;
пациенттерге триаж-жүйе бойынша іріктеу жүргізу;
төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтермен байланысты ұстау және өзара іс-қимыл жасау;
пациенттердің жаппай түсуіне дайындықты қамтамасыз ету.
4. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:
1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);
2) пациенттерді байқауға арналған пост;
3) триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары/кереуеттері бар қарау кабинеттері;
4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;
5) манипуляциялық бөлме;
6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық палаталар);
7) қарқынды терапия палатасы(лары) (бұдан әрі – ҚТП);
8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;
9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;
10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор ұйымдастырылады.
5. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған, еріп келген адамдардың пациентті күтуге арналған аймағы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеу көзделеді.
6. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен/кереуеттермен жарақтандырылуы тиіс. Сырғытқылардың/кереуеттердің жанында мобильдік диагностикалық жабдық орналасқан.
7. Қабылдау бөлімшесінде зерттеп-қараудың зертханалық әдістеріне арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар, шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары пайдаланылады.
8. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен/кереуеттермен, қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталған.
9. Шұғыл түрдегі операциялық араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталады.
10. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде түстермен кодтау қолданылады. Іріктеу үшін қарап-тексеру, зерттеп-қарау, емдеу бойынша басымдыққа байланысты қызыл, сары және жасыл түстер қолданылады.
11. Зерттеп-қарауды талап етпейтін пациенттер жасыл аймаққа жіберіледі. Қабылдау бөлімінде зерттеп-қарау талап етілетін пациенттер сары аймаққа жіберіледі. Ауыр жағдайдағы пациенттер медициналық іріктеусіз және тіркеусіз тікелей қызыл аймаққа жіберіледі.
12. Қызыл аймақта алып жүретін адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
13. Зерттеп-қарау және талдау үшін талап етілетін үлгілер (материалдар) пациенттің тұрған жерінде сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті бөлімшелерге жіберіледі.
14. Қабылдау бөлімінде биологиялық материалдарды пациенттердің және олардың жақындарының жеткізуіне жол берілмейді.
15. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, пациент басқа медициналық ұйымға жіберілмейді.
16. Өміріне қауіп төну жай-күйі бар пациенттер басқа медициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.
17. Пациент жіберілетін медициналық ұйым пациентті қабылдау және емдеуді кідіріссіз бастау үшін қажетті шараларды қабылдайды.
18. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.
19. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-113 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі» Жиналмалы сөмкені жарақтандыру
АХЖ коды |
Фармакологиялық топ/ ХПА |
Дәрілік түрі |
Өлшем бірлігі |
A |
Асқазан жолы және зат алмасу |
||
A03 |
АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараты |
||
A03A |
Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препарат |
||
A03AX |
Ішек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препарат |
||
|
Платифиллин |
1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2% |
ампула |
A03B |
Итжидек және оның туындылары |
||
A03BA |
Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер |
||
A03BA01 |
Атропин сульфаты |
1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
A03F |
АІЖ моторикасын ынталандырғыштар |
|
|
A03FA01 |
Метоклопрамид |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5% |
ампула |
A07 |
Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препарат |
||
A07ВА01 |
Белсенді көмір |
250 мг таблетка |
таблетка |
А07С |
Көміртегімен электролиттер |
||
А07СА |
Ауызға қолданылатын регидратациялық тұз |
Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақ |
пакет |
A11 |
Дәрумендер |
||
A11D |
B1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану |
|
|
A11DA |
B1 дәрумені |
||
A11DA01 |
Тиамин |
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5% |
ампула |
A11G |
Аскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда) |
||
A11GA01 |
Аскорбин қышқылы |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5% |
ампула |
A11H |
Басқа да дәрумендер |
||
A11HA02 |
Пиридоксин |
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5% |
ампула |
B01AC |
Тромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда) |
||
B01AC04 |
Клопидогрел |
Қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар |
таблетка |
B01AC24 |
Тикагрелор |
Қабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалар |
таблетка |
B |
Қан түзу және қан |
||
B01 |
Антикоагулянттар |
||
B01AB |
Гепарин және оның туындылары |
||
B01AB01 |
Натрий гепарині |
5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді |
құты |
B01AD |
Ферментті препараттар |
||
B01AD02 |
Алтеплаза |
50 мг венаішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтақ |
құты |
B01AX |
Басқа да антикоагулянттар |
||
B01AX05 |
Натрий фондапаринуксы |
2,5 мг/0,5 мл тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінділер |
шприц |
B02B |
K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар |
||
B02BX |
Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар |
||
B02BX01 |
Этамзилат |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5% |
ампула |
B05 |
Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер |
||
B05A |
Қан препараты |
||
B05AA |
Қан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар |
||
B05AA05 |
Декстран |
200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10% |
құты |
B05AA07 |
Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал) |
500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10% |
құты |
B05B |
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді |
||
B05BB |
Су-электролитты теңгеріміне әсері бар ерітінділер |
||
B05BB01 |
Натрий хлориді |
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9% |
ампула |
B05C |
Ирригациялық ерітінділер |
||
B05CB |
Тұзды ерітінділер |
||
B05CB01 |
Натрий хлориді |
200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9% |
құты |
B05CX |
Басқа да ирригациялық ерітінділер |
||
B05CX01 |
Декстроза |
200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітінді |
құты |
B05X |
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар |
||
B05XA |
Электролитті ерітінділер |
||
B05XA05 |
Магний сульфаты |
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25% |
ампула |
B05XA07 |
Кальций хлориді |
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10% |
ампула |
C |
Жүрек қантамыр жүйесі |
||
C01 |
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар |
||
C01A |
Жүрек гликозидтері |
||
C01AA |
Жалбыз гликозидтері |
||
C01AA05 |
Дигоксин |
0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
C01B |
I және III санатының аритмияға қарсы препараты |
||
С01ВВ |
IВ санатының аритмияға қарсы препараты |
||
C01BD |
III санатының аритмияға қарсы препараты |
||
C01BD01 |
Амиодарон |
150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділер |
ампула |
C01C |
Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат |
||
C01CA |
Адренергетиктер мен допаминомиметиктер |
||
C01CA04 |
Допамин |
5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4% |
ампула |
C01CA07 |
Добутамин |
250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизат |
ампула |
C01CA24 |
Эпинефрин |
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 % |
ампула |
C01D |
Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер |
||
C01DA |
Органикалық нитраттар |
||
C01DA02 |
Нитроглицерин |
Мөлшерленген тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10г |
құты |
C01DA08 |
Изосорбид динитраты |
1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат |
ампула/ құты |
C01E |
Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар |
||
C02 |
Антигипертензивті препараттар |
||
C02C |
Перифериялық антиадренергиялық препараттар |
||
C02CA |
Альфа-адреноблокаторлар |
||
C02CA06 |
Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил) |
5 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді |
ампула |
C03 |
Диуретиктер |
||
C03C |
«Ілмек» диуретиктер |
||
C03CA |
Сульфонамидті диуретиктер |
||
C03CA01 |
Фуросемид |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% |
ампула |
C07 |
Бета-адреноблокаторлар |
||
C07A |
Бета-адреноблокаторлар |
||
C07AB |
Селективті бета-адреноблокаторлар |
||
C07AB02 |
Метопролол |
1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді |
ампула |
C08 |
Кальций каналдарының блокаторы |
||
C08C |
Тамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары |
||
C08CA |
Дигидропиридин туындылары |
||
C08CA05 |
Нифедипин |
қаптамамен қапталған 20 мг таблеткалар |
таблетка |
C09 |
Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат |
||
C09A |
Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары |
||
C09AA01 |
Каптоприл |
25 мг таблеткалар |
таблетка |
C09AA02 |
Эналаприл |
1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар; |
ампула /таблетка |
D |
Дерматология |
||
D03 |
Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар |
||
D03A |
Қалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар |
||
D03AX03 |
Декспантенол |
117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозоль |
құты |
D08 |
Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар |
||
D08AG |
Йод препараттары |
||
D08AG03 |
Йод |
20 мл спиртті ерітінді, 5% |
құты |
D08AX |
Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар |
||
D08AX |
Бриллиант жасылы |
20 мл спиртті ерітінді, 1% |
құты |
D08AX01 |
Су тетігінің асқын тотығы |
50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3% |
құты |
D08AX08 |
Этанол |
50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70% |
құты |
H |
Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар |
||
H01 |
Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары |
||
H01B |
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары |
||
H01BB |
Окситоцин және оның аналогтары |
||
H01BB02 |
Окситоцин |
5 БІРЛ./мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
H02 |
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар |
||
H02A |
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар |
||
H02AB |
Глюкокортикоидтар |
||
H02AB02 |
Дексаметазон |
4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
H02AB06 |
Преднизолон |
30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
M |
Сүйек-бұлшықет жүйесі |
||
M01 |
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар |
||
M01A |
Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар |
||
M01AE |
Пропион қышқылының туындылары |
||
M01AE01 |
Ибупрофен |
100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия |
құты |
M01AE03 |
Кетопрофен |
100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула; |
ампула/таблетка |
M03 |
Миорелаксанттар |
||
M03A |
Шетке әсер ететін миорелаксанттар |
||
M03AB |
Холин туындылары |
||
M03AB01 |
Суксаметоний хлориді |
0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
N |
Жүйке жүйесі |
||
N01 |
Анестетиктер |
||
N01A |
Жалпы жансыздандыруға арналған препарат |
||
N01AH |
Апиындық анальгетиктер |
||
N01AH01 |
Фентанил |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005% |
ампула |
N01AX |
Жалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат |
||
N01AX10 |
Профол |
1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия |
ампула |
N01B |
Жергілікті жансыздандыруға арналған препараттар |
||
N01BA |
Аминобензол қышқылы эфирлері |
||
N01BA02 |
Прокаин |
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5% |
ампула |
N01BB |
Амидтер |
||
N01BB02 |
Лидокаин |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2% |
ампула |
N02 |
Анальгетиктер |
||
N02A |
Апиындар |
||
N02AA |
Апиынның табиғи алкалоидтары |
||
N02AA01 |
Морфин |
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% |
ампула |
N02AB |
Фенилпиперидин туындылары |
||
N02AB |
Тримеперидин |
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2% |
ампула |
N02AX |
Басқа да апиындар |
||
N02AX02 |
Трамадол |
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 % |
ампула |
N02B |
Анальгетиктер және антипиретиктер |
||
N02BA |
Салицил қышқылы және оның туындылары |
||
N02BA01 |
Ацетилсалицил қышқылы |
таблетка, 500 мг |
таблетка |
N02BE |
Анилидтер |
||
N02BE01 |
Парацетамол |
500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл |
таблетка/суппозитории /суспензия |
N03 |
Эпилепсияға қарсы препараттар |
||
N03AG |
Май қышқылдарының туындылары |
||
N03AG01 |
Вальпров қышқылы |
100 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
N05 |
Психолептиктер |
||
N05B |
Анксиолитиктер |
||
N05BA |
Бензодиазепин туындылары |
||
N05BA01 |
Диазепам |
5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
R |
Тыныс алу жүйесі |
||
R03 |
Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар |
||
R03A |
Тамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер |
||
R03AC |
Селективті бета-2-адреномиметиктер |
||
R03AC02 |
Сальбутамол |
100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозоль |
құты |
R03AK |
Антихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер |
||
R03AK03 |
Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол) |
20 мл булауға арналған ерітінді |
құты |
R03B |
Бронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар |
||
R03BА |
Глюкокортикоидтар |
||
R03BА02 |
Будесонид |
Тамақты булауға арналған мөлшерленген суспензия |
құты |
R03D |
Жүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар |
||
R03DA |
Ксантин туындылары |
||
R03DA05 |
Аминофиллин |
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4% |
ампула |
R06 |
Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар |
||
R06AA |
Аминоалкильді эфирлер |
||
R06AA02 |
Дифенгидрамин |
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% |
ампула |
R06AC |
Этилендиамин алмастырғыштар |
||
R06AC03 |
Хлоропирамин |
20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
R07 |
Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар |
||
R07AB |
Аммиак |
20 мл, 40 мл ерітінді, 10% |
құты |
V |
Басқа да препараттар |
||
V03 |
Басқа да әртүрлі препараттар |
||
V03AB |
Антидоттар |
||
V03AB06 |
Натрий тиосульфаты |
10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30% |
ампула |
V03 АВ15 |
Налоксон |
0,04% инъекцияға арналған ерітінді |
ампула |
Медициналық бұйымдар
№ |
ММБ атауы |
Санитариялық көлік үшін |
||
А класы |
В класы |
С класы |
||
1 |
Фонарь |
+ |
+ |
+ |
2 |
Байланыс құралы (рация) |
+ |
+ |
+ |
3 |
Өрт сөндіргіш |
+ |
+ |
+ |
4 |
Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары) |
+ |
+ |
+ |
5 |
Матаны қиюға арналған қайшы |
+ |
+ |
+ |
6 |
Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут |
+ |
+ |
+ |
7 |
Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0 |
+ |
+ |
+ |
8 |
Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система |
+ |
+ |
+ |
9 |
Стерильденбеген қолғаптар |
+ |
+ |
+ |
10 |
Стерильденген қолғаптар |
+ |
+ |
+ |
11 |
Терапиялық жарық шпатель |
+ |
+ |
+ |
12 |
Бір реттік пайдаланылатын маскалар |
+ |
+ |
+ |
13 |
Бұластыр |
+ |
+ |
+ |
14 |
Сантиметрлік таспа |
+ |
+ |
+ |
15 |
Стетоскоп |
+ |
+ |
+ |
16 |
Фонедоскоп |
+ |
+ |
+ |
17 |
Тонометр |
+ |
+ |
+ |
18 |
Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр |
+ |
+ |
+ |
19 |
Триаждау/іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтар |
|
+ |
+ |
20 |
Несептік катетер |
+ |
+ |
+ |
21 |
Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі |
+ |
+ |
+ |
22 |
Бір реттік пайдаланылатын ақжайма |
+ |
+ |
+ |
23 |
Медициналық кленка – 1 метр |
+ |
+ |
+ |
24 |
Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24) |
+ |
+ |
+ |
25 |
Бір реттік пайдаланылатын, стерильденген көбелек тәріздес ине 23,24 |
+ |
+ |
+ |
26 |
Спиртті мақта және/немесе салфеткалар (саны қажеттілік бойынша) |
+ |
+ |
+ |
27 |
Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар |
+ |
+ |
+ |
28 |
Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар |
|
+ |
+ |
29 |
Ларингеальді бетперде |
|
|
+ |
30 |
Ауа жібергіштер жиынтығы |
+ |
+ |
+ |
31 |
Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар |
+ |
+ |
+ |
32 |
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц – пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары) |
|
|
+ |
33 |
Эндотрахеальдық түтіктер |
|
+ |
+ |
34 |
Ауызкергіш |
|
+ |
+ |
35 |
Тілқышқыш |
|
+ |
+ |
36 |
Коникотомиялық жиынтық |
|
+ |
+ |
37 |
ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель |
+ |
+ |
+ |
38 |
Дәкелер (стерильденген, стерильденбеген) |
+ |
+ |
+ |
39 |
Қан тоқтатқыш жгут |
+ |
+ |
+ |
40 |
Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін) |
|
+ |
|
41 |
Анатомиялық пинцет |
|
+ |
+ |
42 |
Таңу материалына арналған қайшы |
+ |
+ |
+ |
43 |
Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) ваккумды шиналардың жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы. |
|
+ |
+ |
44 |
Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма) |
|
+ |
+ |
45 |
Термо көрпе |
|
+ |
+ |
46 |
Құсық массасына арналған пакет |
+ |
+ |
+ |
47 |
Жиынықтағы 1 типті обаға қарсы костюм (бір реттік) |
+ |
+ |
+ |
48 |
А класының қалдықтарына арналған пакет |
+ |
+ |
+ |
49 |
Б класының қалдықтарына арналған пакет |
+ |
+ |
+ |
50 |
Өткір құралдарды жинауға арналған В класының сыйымдылық контейнері (қауіпті қалдықтар) (бір реттік) 250мл |
+ |
+ |
+ |
51 |
Жанэ бір реттік пайдаланылатын шприці |
+ |
+ |
+ |
52 |
Бір реттік пайдалануға арналған барлық өлшемдердегі асқазан сүңгісі |
+ |
+ |
+ |
53* |
Базалық жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған аппаратураның чемодандағы немесе рюкзактағы жиынтығы (қосымша оксигенацияны қосу мүмкіндігі бар тыныс алу қапшығы (қаптар) немесе ересектердің, 1 жастан асқан балалардың өкпесіне жасанды желдету жүргізуге арналған ӨЖЖ Автоматты аппараты; механикалық жетегі және аспаптар жиынтығымен оттегі көзі бар аспиратор) |
+ |
|
|
54* |
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар); бір рет қолданылатын тыныс алу контурына арналған сүзгіштер жиынтығы (балалар мен ересектер) |
|
+ |
|
55* |
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосымша желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқарылатын және қосымша жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар), тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бір реттік (балалар мен ересектер), кіріктірілген немесе сыртқы волюметриялық блок |
|
|
+ |
56* |
Ересектер мен балаларға арналған электродтары бар, дыбыстық кеңестерімен дербес қоректенуі бар герметикалық соққыға төзімді корпуста автоматты сыртқы дефибриллятор |
+ |
|
|
57* |
Көліктік дефибриллятор-монитор |
|
+ |
+ |
58 |
Электрокардиограф |
+ |
+ |
|
59 |
Автоматты режимі бар үш арналы электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрылыстың синхрондық жазбасы, үш бұрылыстан немесе одан да көп графикалық бейнеленуі, электрокардиограмманы кейіннен сигналды қосымша өңдей отырып, компьютерге қосу мүмкіндігімен жаңғырту) |
|
|
+ |
60* |
Көліктік реанимациялық-анестезиологиялық монитор (3-ші бөлікте ЭКГ мониторингілеу; артериялық қысымды, капнометрияны, пульсоксиметрияны, температураны инвазивті емес өлшеу функцияларымен; деректерді компьютерге көшіру мүмкіндігімен қоса орнатылған принтермен) |
|
|
+ |
61 |
Жүрек-өкпе реанимациясына арналған электромеханикалық аспап |
|
|
+ |
62 |
Ересек және балалар датчиктерімен жиынтықта көліктік портативті пульсоксиметр |
+ |
+ |
+ |
63* |
Көліктік электр сорғыш |
|
+ |
+ |
64 |
Пациенттерді бекітуге арналған жұлын тақтасын, алмалы-салмалы аспаптар үстелін, ересек және педиатриялық белдіктерді орналастыруға арналған қуысы бар арба-сырғытқы |
+ |
|
|
65 |
Жұлын тақтасын орналастыруға арналған қуысы бар, алмалы-салмалы құрал үстелімен, ересек және педиатриялық белдіктермен пациенттерді бекітуге арналған, көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штативі бар арба-сырғытқы |
|
+ |
|
66 |
Жұлын тақтасын орналастыруға арналған орны, алмалы-салмалы аспаптар үстелі, ересектердің белдіктері және пациенттерді бекітуге арналған педиатриялық, интубация жүргізуге арналған реттелетін көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штатив, электримпульстік терапия жүргізуге арналған диэлектрлік материалдан жасалған төсемі бар сырғытқы - арба |
|
|
+ |
67 |
Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес) |
+ |
+ |
+ |
68 |
Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші |
|
+ |
+ |
69 |
Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны |
|
+ |
+ |
70* |
Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық |
|
+ |
+ |
71 |
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған күйікке қарсы жиынтық (стерильдеген күйікке қарсы таңғыштар, Термо көрпе, күйікке қарсы жергілікті қолдану құралдары (гель, аэрозоль) |
|
+ |
+ |
72 |
Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құймаларға арналған жиналмалы штатив |
|
+ |
+ |
73 |
Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор) |
|
+ |
+ |
74* |
Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор |
+ |
+ |
+ |
75* |
Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны |
|
+ |
+ |
76 |
Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға термооқшаулағыш контейнер немесе 12 құтыға бір контейнерге |
|
+ |
+ |
77 |
Вакуумды матрас (қажет болған кезде) |
|
+ |
+ |
78 |
Шокқа қарсы костюм |
|
|
+ |
*- бұйымды санитариялық автокөлік қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт әзірлеген бекіткіші болуы тиіс. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитариялық автокөлік қабырғасындағы зарядтау үшін бекітпеге орнатылған ажыратқыш.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 7-қосымша
Осы Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-54/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Симуляциялық жабдықтың ең төмен тізбесі
№ р/с |
Жабдықтың атауы |
Саны |
1 |
Компрессия индикаторлары және кеуде қуысының экскурсиясымен ауаның кіруін имитациялайтын манекендеры-тренажерлер (Электроникасы бар манекен/CPR) |
2 |
2 |
Ырғақты симуляторы және дефибрилляторға жаттығушы электродтары бар автоматты сыртқы (орысшаланған, қазақшалаңған) дефибриллятор |
2 |
3 |
Жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дағдылармен жұмыс жасауға арналған ересек адамның көп функциялы толық көлемді манекені (әртүрлі инъекция түрлерін орындауды ұғынуға арналған оқыту құралы, функционалдық диагностиканы бағалауды айқындау (артериялық қан қысымы, пульс, ырғақтың түрлі бұзылыстарын имитациялау, синхрондаумен кардиоверсияның дефибрилляциясын жүргізу), аускультация, интубация). |
1 |
4 |
Жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дағдылармен жұмыс жасауға арналған баланың көп функциялы толық көлемді манекені (әртүрлі инъекция түрлерін орындауды ұғынуға арналған оқыту құралы, функционалдық диагностиканы бағалауды айқындау (артериялық қан қысымы, пульс, ырғақтың түрлі бұзылыстарын имитациялау, синхрондаумен кардиоверсияның дефибрилляциясын жүргізу), аускультация, интубация). |
1 |
5 |
Бір манекенде барлық дағдыларды тәжірибеден өткізу мүмкіндігі бар жаңа туған нәрестенің көп функциялық толық көлемді манекендер (венаішілік инъекция, сүйек ішілік инфузия, компрессияларды және жасанды өкпені бақылаудың электрондық жүйесімен, ырғақты симуляциялау) |
1 |
6 |
Желіден қуаттанатын стационарлық ырғақты мониторингтейтін функциясы бар дефибриллятор |
1 |
7 |
Бас сүйегіші бар медициналық қарап-тексеру кушеткасы |
2 |
8 |
Медициналық жабдықтарға арналған дөңгелекті бекіткіштері бар жылжымалы манипуляциялық үстел |
2 |
9 |
Медициналық 2-жақты металл шыны шкаф |
2 |
10 |
Интубация, коникотомия, ларингеальды масканы қою және кернеулі пневмоторакс кезінде кеуде қуысының пункциясы бар тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін бас пен мойын фантомы |
1 |
11 |
Жара жиынтығы: Қолдан қан кету; Оқтан болған жарақат; Бет күйігі; Қол күйігі; Кеуденің ашық жарасы; Іш жарасы; Жақ жарасы; Қолдың ашық сынығы; Тізе жарақаты; Маңдай соққысы; Аяқ ампутациясы; ішкі мүшелердің түсуі арқылы іш қуысының зақымдануы |
1 |
12 |
Пневмоторакс кезінде плевра қуысы пункциясының тренажері |
1 |
13 |
Көп реттік пайдаланылатын, алынып салынатын маскалары бар Амбу силиконды тыныс алу қабы (көлемдері – ересектерге, балаларға, неонаталды) |
1 |
14 |
Фонендоскопы бар тонометр |
1 |
15 |
Мотоциклдегілерге арналған дулыға |
1 |
16 |
Иммобилизациялық пневматикалық шиналардың жиынтығы |
1 |
17 |
4 деңгейдегі бекіткіш белдіктерімен бас бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны |
1 |
18 |
Мойын омыртқасының жарақаты бар пациенттер үшін реттелетін өлшемдегі Шанц Шина-жағасы |
2 |
19 |
Сүйекішілік инъекция жүргізуге арналған аяқтың муляжы |
1 |
20 |
Сүйекішілік инъекцияға арналған шприц-пистолет (ересектер, балалар) |
2 |
21 |
Коникотомия немесе крикотиреотомия немесе жылдам трахеостомияға арналған жиынтық |
2 |
22 |
Қан тоқтатқыш жгут |
1 |
23 |
Автоматты қысқышы бар қан тоқтатқыш жгут |
2 |
24 |
Қуаттаушы құралы және сұқпалар жиынтығы бар оптикалық талшықты ларингоскоп (ересектер, балалар) |
1 |
25 |
Барлық өлшемдердегі интубациялық түтіктер жиынтығы (1 – 8) |
10 |
26 |
Барлық өлшемдердегі ларингеальдық маскалар жиынтығы (1 – 5) |
10 |
27 |
Барлық өлшемдердегі аңқа ауа өткізгіштерінің жиынтығы (1 – 5) |
10 |
28 |
Перифериялық катетеризацияға арналған катетерлер (G16, G18, G20) |
20 |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |