Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 156-нқ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 114-нқ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15482 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 156-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13987 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылы 5 шілдедегі
№ 114-нқ бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылы 23 маусымдағы
№ 156-нқ бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), оның ішінде ведомстволары мен олардың аумақтық органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14637 болып тіркелген) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
Toggle Dropdown
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есепті тоқсаннан (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей жүргізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) кейінгі айдың онынан кешіктірмей;
Toggle Dropdown
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісін бағалау, егер бағаланатын кезеңде атқаратын лауазымында болу мерзімі үш айдан аз болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Toggle Dropdown
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және ол «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісі өз лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға оның тікелей басшысы болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Жылдық бағалау:
Toggle Dropdown
1) «Б» корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан;
Toggle Dropdown
2) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің өз жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
Toggle Dropdown
6. Бағалау жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға Бағалау жөніндегі комиссия құрады, Кадр қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы, егер оған комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып есептеледі.
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Кадр қызметінің қызметшісі Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жеке жұмыс жоспарын жасау
Toggle Dropdown
10. «Б» корпусының мемлкекеттік әкімшілік қызметшісі жеке жұмыс жоспарын өзінің тікелей басшысымен бірлесіп бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
Toggle Dropdown
11. «Б» корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымдағы жеке жұмыс жоспары ол лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
Toggle Dropdown
12. «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарындағы нысаналы көрсеткіштердің саны төрттен аспайды, олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, орындау мерзімдері белгіленген болуға тиіс.
Toggle Dropdown
13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір данасы Кадр қызметіне беріледі. Екінші данасы «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысында болады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
14. Кадр қызметі Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасымен келісім бойынша бағалау жүргізу кестесін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Кадр қызметі бағалау жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын бағалауға жататын «Б» корпусының қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын адамдарды бағалау жүргізілетіні туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға толтыру үшін бағалау парақтарын жібереді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Лауазымдық міндеттердің орындалуын тоқсандық бағалау
Toggle Dropdown
15. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалау базалық, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
Toggle Dropdown
16. Қызметшінің өз лаузымдық міндеттерін орындағаны үшін базалық балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
Toggle Dropdown
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
Toggle Dropdown
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері мен күрделі болып табылатын қызмет түрлері Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстваларымен салалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, өз беттерінше белгілейді және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен көлемінің ұлғаюы тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша бөлінеді. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында тіркелетін, сол сияқты тіркелмейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.
Toggle Dropdown
Әрбір көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшысы бекітілген шәкілге сәйкес «+1»-ден «+5»-ке дейін балл береді.
Toggle Dropdown
19. Айыппұл балдары орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
Toggle Dropdown
20. Жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу орындаушылық тәртіпті бұзушылықтарға жатады.
Toggle Dropdown
Кадр қызметінен және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысынан түсетін құжатпен дәлелденген мәліметтер орындаушылық тәртіптің фактілері туралы ақпарат көздері болады.
Toggle Dropdown
21. Еңбек тәртібін бұзушылықтарға:
Toggle Dropdown
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
Toggle Dropdown
3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Toggle Dropdown
Құжат айналымы қызметінің және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысынан түсетін құжатпен дәлелденген мәліметтер еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көздері болады.
Toggle Dropdown
22. Әрбір орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әрбір бұзу фактісі үшін «-2» көлемінде айыппұл балдары қойылады.
Toggle Dropdown
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуына бағалау жүргізу үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі осы Әдістемеге2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін тікелей басшысына ұсынады.
Toggle Dropdown
24. Тікелей басшы Кадр қызметінің «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзуы фактілері туралы ұсынған мәліметтерін ескере отырып, бағалау парағында жазылған деректердің дұрыстығын қарап, оған түзетулер (болған жағдайда) енгізеді және бағалау парағымен келіседі.
Toggle Dropdown
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусының қызметшісі қол қояды.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметінің қызметкері мен «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.
Toggle Dropdown
26. «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын оның тікелей басшысы мынадай формула бойынша есептейді:
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
– тоқсандық баға;
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
a – көтермелеу балдары;
Toggle Dropdown
в – айыппұл балдары.
Toggle Dropdown
27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
80 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»;
Toggle Dropdown
80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – «қанағаттанарлық»;
Toggle Dropdown
106-дан 130 (қоса алғанда) балға дейін – «тиімді»;
Toggle Dropdown
130 балдан жоғары – «өте жақсы».
Toggle Dropdown
5-тарау. Жылдық бағалау
Toggle Dropdown
28. Жылдық бағалау жүргізу үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі келісу үшін тікелей басшыға осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспардың орындалуын бағалау парағын жолдайды.
Toggle Dropdown
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің дұрыстығы тұрғысынан қарап, оған түзету (болған жағдайда) енгізеді және бағалау парағымен келіседі.
Toggle Dropdown
30. Жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
Жеке жұмыс жоспарында көзделген нысаналы көрсеткішті орындамағаны үшін 2 балл қойылады;
Toggle Dropdown
нысаналы көрсеткішті жартылай орындағаны үшін – 3 балл;
Toggle Dropdown
нысаналы көрсеткішті орындағаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Toggle Dropdown
нысаналы көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.
Toggle Dropdown
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметінің қызметкері мен «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
32. «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын Кадр қызметі Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мына формула бойынша есептейді:
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
– жылдық баға;
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
– есепті тоқсандардың орташа бағасы (орташа арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орташа арифметикалық мәні, осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкіл есепке алына отырып, бес балдық бағалау жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
Toggle Dropdown
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – 3 балл,
Toggle Dropdown
«тиімді» мәнге (106-дан 130 (қоса алғанда) баллға дейін – 4 балл,
Toggle Dropdown
«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл қойылады;
Toggle Dropdown
– жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау (орташа арифметикалық мәні).
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
33. Жылдық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;
Toggle Dropdown
3 балдан бастап 3,9 (қоса алғанда) балға дейін – «қанағаттанарлық»;
Toggle Dropdown
4 балдан бастап 4,9 (қоса алғанда) балға дейін – «тиімді»;
Toggle Dropdown
5 балл – «өте жақсы».
Toggle Dropdown
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарау
Toggle Dropdown
34. Кадр қызметі Бағалау жөніндегі комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес Комиссияның бағалау нәтижелерін қарау бойынша отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Кадр қызметі Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Toggle Dropdown
2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау жөніндегі
Toggle Dropdown
Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.
Toggle Dropdown
35. Бағалау жөніндегі комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарап, мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағалау жөніндегі комиссия хаттамада тиісті түсіндірме бере отырып, бағалауды түзетеді.
Toggle Dropdown
36. Кадр қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен таныстырады.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадр қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
38. Бағалау жөніндегі комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінің шағымы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайларда, мемлекеттік органға Бағалау жөніндегі комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Toggle Dropdown
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне ұсынады.
Toggle Dropdown
41. «Б» корпусының қызметшісі бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқылы.
Toggle Dropdown
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
Toggle Dropdown
42. Бағалау нәтижелері бонустар төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
Toggle Dropdown
44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалау қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз деп танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісі Бағалау жөніндегі комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш айдың ішінде біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.
Toggle Dropdown
45. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер болып бекітілмейді.
Toggle Dropdown
46. «Б» корпусы қызметшісінің екі жылдың қорытындысы бойынша қатарынан «қанағаттанарлықсыз» мәнінде бағалану нәтижелері оны лауазымында төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.
Toggle Dropdown
47. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Toggle Dropdown
_______________________________ (жеке жоспар жасалған кезең) Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________ _______________________________________________________________________________ Қызметшінің лауазымы __________________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы _____________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
|
р/с
№
|
Нысаналы көрсеткіштер*
|
Күтілетін нәтиже
|
|
1
|
1-нысаналы көрсеткіш
|
|
|
2
|
2-нысаналы көрсеткіш
|
|
|
3
|
3-нысаналы көрсеткіш
|
|
|
4
|
4-нысаналы көрсеткіш
|
|
Toggle Dropdown
Ескертпе:* Нысаналы көрсеткіштер олардың мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) қол жеткізуге бағытталуын ескерумен, олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттері негізге алына отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Нысаналы көрсеткіштердің саны төрттен аспайды, оның ішінде кемінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Toggle Dropdown
|
Қызметші
Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
|
Тікелей басшы
Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
_____жылдың __________________тоқсаны (бағаланатын кезең)
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы _________________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы_____________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалау
Toggle Dropdown
|
р/с
№
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
|
Тікелей басшының бағалауы
|
Ескертпе
|
|
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындаушылық тәртіпті бұзу фактілерітуралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
|
Бағалау нәтижесі:
|
|
|
Қызметші
Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
|
Тікелей басшы
Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 3-қосымша
Нысан
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
_______________________ жыл (бағаланатын жыл)
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы ___________________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы ______________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жеке жоспардың орындалуын бағалау
Toggle Dropdown
|
р/с
№
|
Атауы
|
Мәні
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
|
Басшының бағалау нәтижелері
|
Ескертпе
|
|
1
|
1-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
|
2
|
2-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
|
3
|
3-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
|
4
|
4-нысаналы көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
|
Қызметші
Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
|
Тікелей басшы
Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
______________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ________________________________________________________________________________ (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелері
Toggle Dropdown
|
р/с
№
|
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер
|
Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда)
|
Комиссияның ұсынымдары
|
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерген: Комиссия хатшысы _________________________________________ Күні ________________ (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда), қолы) Комиссия төрағасы _________________________________________ Күні ________________ (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда), қолы) Комиссия мүшесі _________________________________________ Күні ________________ (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда), қолы) Комиссия мүшесі _________________________________________ Күні ________________ (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда), қолы)