Toggle Dropdown
2
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 282 бұйрығы
Toggle Dropdown
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшы өкілеттігінің 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кадр қызметі басқармасы осы бұйрықты ол күшіне енген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрығы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Жауапты хатшы Б. Төкежанов