• Менің таңдаулыларым
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 31.07.2018 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 494 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:
103-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«103. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 102-тармағында тізбеленген барлық құжаттар болған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті қабылдайды.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев